Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектепте неге көк қаламмен жазу керек?

Мектепте неге көк қаламмен жазу керек?

Неге мектепте тек көк түсті қаламмен жазу керек? Қызыл түспен баға қою дәстүрі қалай қалыптасқан? Құжат толтырғанда қара түсті қолданудың сыры неде? Szh.kz осы сауалдардың жауабын ұсынады. 
Кеңес Одағы кезінде мектептерде күлгін түспен жазған. Алғашында сияны аю бадамның (бузина жемісі) шырынынан жасағандықтан күлгін түс қолжетімді болған. Кейінірек күлгін түс қағаздың бетіне анық түспейтіндіктен көк түске ауыстырылып, шарикті қаламдар пайда болды.
Қытай елінде жазуды тек қара қаламмен жазады екен. Себебі, қытай иероглифтерін қағаз бетіне түсіру оңай жұмыс емес, каллиграфияны қағаз бетіне анық жазу үшін қара түс қолайлы.
Психологтардың айтуынша, қызыл түс көзді қарықтырады және оқушының бойына қорқыныш, үрей сезімін ұялатады. Қызыл түс бірден көзге түсетіндіктен, ұстаздар оны баға қойғанда, кейде ескерту белгісі ретінде қолданады.
Қара түс жазбаның көшірме немесе түпнұсқа екенін анықтауда қиындық туғызады. Қазақстанда қара түс құжат толтыруға арналған. Құжаттағы қолтаңба қара қаламмен қойылмаса, құжат жарамсыз болуы да мүмкін.
Жасыл, сары түстердің ақ қағаздан анық көрінбейтіні белгілі. Оларды жазуда қолданбайтыны да сондықтан.
Психологтардың айтуынша, көк түс есте сақтау қабілетін жақсартады, көзді қарықтырмайды, оқушыны шаршатпайды. Көк түс адамға сабырлылық сыйлайды. Көк сиямен жазылған жазбалар басқа түстерге қарағанда ұзағырақ сақталатын көрінеді. Сондықтан, мектеп оқушыларына көк түсті қаламмен жазу міндеттелген.
baribar.kz
18 қыркүйек 2018 ж. 2 215 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031