Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазу үлгіңіз – сіздің айнаңыз

Жазу үлгіңіз – сіздің айнаңыз

Жыл сайын 23 қаңтарда жазу құралдарын өндірушілер ассоциациясының бастамасымен почерк, яғни жазу үлгісі күні, дәлірек айтқанда, қолмен хат жазу күні аталып өтіледі. Бұл күн барлығымызға хат жазудың ерекшелігін, әр адамның жазу үлгісінің қайталанбайтынын еске түсіріп тұру үшін белгіленген.
Электронды хат алмасу, СМС хаттар, фразалар жазылған дайын стикерлер сияқты адам ойын жеткізудің жаңа түрлері танымал болған сайын адамдар өз қолымен хат жазудан алыстап бара жатыр.
Ғалымдардың пайымдауынша, жазу үлгісі арқылы адам портретін жасауда 7 негізге сүйенуге болады. Ең алдымен әріп көлемі, олардың формасы мен қисаюы, жазудың бағыты, қысымның қарқындылығы, сөздердің жазылу сипаты, жазудың жалпы көрінісі есепке алынады. Графологтар адам мінезі мен жазу үлгісінің арасында байланыс бар деп отыр.
Бүгінде адамдардың жазу үлгісі әсіресе, криминалистер үшін маңызды. Жазбатанушылар құжаттың түпнұсқа немесе көшірме екенін, жазған адамның тұлғасын жазу стилін тексеру арқылы анықтайды. Бұл бағыттағы зерттеулер жалғасып, ғалымдар адам мен оның жазу үлгісі арасындағы байланысты тереңірек бағамдауға қол жеткізуге ұмтылуда. Оған қоса, мобильдік құрылғылар мен түрлі гаджеттерді жасаушылар болашақта өз қолымызбен электронды хат жазатын құрал ойлап табады деген үміт бар.
Бір қуанарлығы, біздің өмірімізде жүрекжарды лебізімізді қолымызбен хатқа түсіруге себеп болатын жағдайлар әрдайым кездесіп тұрады.

М.МЕРЕЙ.
23 қаңтар 2018 ж. 4 370 0

Асылдарымыз ардақталды

04 қазан 2025 ж. 120

Өмірі өшпес өнеге

04 қазан 2025 ж. 130

Бақытқа бастар соқпақ

04 қазан 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031