Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдағы қызыл және сары қағаз қалай пайда болды?

Футболдағы қызыл және сары қағаз қалай пайда болды?

1960 жылға дейін футбол төрешілерінде атрибут ретінде ешбір қағаз болмаған. Олар бүкіл ескертулерді қойын дәптерге жазып жүрген. Бұл әдіс ішкі чемпионаттарда жүзеге аса беретін болған, бірақ халықаралық жарыстарда тілдік дискриминация әсерінен көп ойыншы төреші шешімдерін түсіне бермейтін болған. Соның нәтижесінде алаңдағы уақыт біраз ысырапқа ұшырап, төрешілер әуреге салынған.
Әлем Чемпионатының төрешілер корпусының жетекшісі Кен Астон жазалау шараларын барынша демонстративті еткісі келеді. Бірақ қалай жасау керек деп басы қатады. Қазір қолданып жүрген қызыл және сары қағаздар оның ойына көлік тізгінінде бағдаршам белгісіне тоқтап тұрғанында келген. Үйіне жеткен бойында Кен Астон әйеліне өз идеясын айтып, бірден қолдау табады. Жұбайы сол сәтте қызыл және сары картоннан екі қағаз жасап берген екен. Содан бері қызыл және сары қағаз футболдың ажырамас бөлшегіне айналды.
17 маусым 2018 ж. 1 169 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 43

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930