Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "3 деген бағамен бітірдім": Баян Алагөзова қандай оқушы болғанын айтты

"3 деген бағамен бітірдім": Баян Алагөзова қандай оқушы болғанын айтты

Белгілі продюсер Баян Алагөзова мектепте қандай оқушы болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.
Танымал продюсер Баян Алагөзова жоғарғы сыныптарға дейін жақсы оқып, үздік оқушы болғанын айтты. Алайда, өсе келе ол сабақ оқу маңызды емес екенін түсіндім дейді. Үздік оқушы болып жүріп, үшпен оқитын қыз болып шыға келгенін де жасырмады ол. Есептеуге мектеп кезінен ыңғайы жоқ Баян Алагөзова сол кездегі кемшіліктің әлі де бар екенін айтып берді.

"Мектепте сегізінші сыныпқа дейін жақсы оқыдым. Ал өмірде сабақтан да өзге қызық нәрсе бар екенін білген кезде мектепті төрт тал 3 деген бағамен бітірдім. Барлық нақты ғылымдар бойынша. Алгебра, геометрия, физика, химия. Мен мүлдем түсінбейтін едім. Математикам бұрын нашар еді, қазір де дәл солай. Есесіне гуманитарлық пәндерден жақсымын", - дейді Баян Алагөзова.

Алайда продюсер мектепте жаман оқыдым деп жасқанбайтынын айтады. Нақты ғылымдарға шамасы келмегенмен, гуманитарлық ғылымдарда үздік болдым деп мақтанды ол. Осылайша Баян Алагөзова қандай оқушы болғанын жеткізді.
04 шілде 2019 ж. 1 587 0

Бүгінгi жаңалықтар

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031