Көне тамның кіре берісіндегі қара түтіннен түнерген пеш адам жаны жаурағанда жылулық сыйлайтыны рас. Солай дегенмен одан келген қасірет жұмыр басты талай пендені жер жастандырды. Заман ырғағымен көне пешті көгілдір отын алмастырған күнге дейін шала жанған көмірдің иісінен ұйқыдан оянбай қалған жерлестер аз...
Футбол миллиондаған жанкүйердің сүйікті ойыны. Сондықтан жер жүзінде теңбіл доп өнері жақсы дамыған. Қазақ футболының деңгейі де өсіп келеді. Соның дәлелі ұлттық құраманың соңғы жетістіктері. Сондай-ақ клубтар арасындағы тартыстарда футболшыларымыз шебер ойын көрсетіп жүр. Әсіресе жастардың ынтасы қуантады....
Өткен оқу жылында аудандық білім бөлімі ұстаздар мен оқушылар ісіне тың серпін беретін «Серіктес директорлар» лигасын іске қосқанын білеміз. Жоба аясында ауданның әр шетіндегі білім ордасында жылыжай, мектеп театры, ғылыми жұмыспен айналысатын оқушылар үйірмесі мен эко-мектеп сияқты жұмыстар пайда болды....
Қазіргі таңда Қазалы ауданының диқандары алқаптардан өнім жинауға кірісті. Ендігі міндет – қырмандағы астықты ауа райының қолайлы шағын пайдаланып, ел ырысына айналған күріш дақылын ысырапсыз тез арада жинап алу болмақ. Бұған жергілікті жерде барлық жағдай жасалған, яғни адам күші мен техника жеткілікті....
Қазалы ауданының кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, күн санап дамып келеді. Мұндағы ел экономикасына зор үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің өзіндік танымал брендтері де бар. Мұның қатарында жақында «Қазалы сабыныда» қосылды....
Күнделікті күйбең тіршілікте түрлі оқиғаны көз көріп, құлақ естіп жүр. Сол сияқты жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жасөспірімдердің тәртібін қадағалау мен құқығын қорғау да бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. Қоғамда бір жағынан кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жағдайы алаңдатса, екінші...
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, туған елінің намысы үшін отқа да, суға да түсуге дайын батыл да батыр ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Осы орайда №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ізбасарларын көпке үлгі ретінде айтуға болады. Талай-талай таланттардың...
Қоғамның басты байлығы – адам. Ендеше халқымыздың өсіп-өнуі, көбеюі, қалыпты өмір сүруіне қажетті алғышарттарды жүзеге асыруға атсалысуымыз қажет. Ол үшін отырған ортамызды сауықтырудың маңызы айрықша....