Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс біріншілігінен олжалы қайтты

Облыс біріншілігінен олжалы қайтты

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, туған елінің намысы үшін отқа да, суға да түсуге дайын батыл да батыр ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Осы орайда №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ізбасарларын көпке үлгі ретінде айтуға болады. Талай-талай таланттардың томағасын түріп, қанат қақтырып жатқан берекелі спорт шаңырағы тағы да ­облыста топ жарды.
Нақтыласақ, 9-11 қыркүйек күндері аралығында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде таеквондодан 2011-2012 және 2013-2014 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. Жан-жақтан жиналған үздіктердің басы аймақта тоғысты. Мұндағы спорттың ерекше түрімен айналысатын жастар екі күн ішінде республикалық чемпионатқа баратын жолдаманы сарапқа салды. Нәтижесінде Бақытбек Мәмбетжан басқаратын мектептің спортшы ұл-қыздары жүлделі орындардан көрініп, елордада өтетін Қазақстан Республикасының чемпонатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Таеквандодан жаттықтыратын Дәулет Қадіров пен Оразхан Әбдреймовтің қай шәкірттері болмасын жарыстан құр қайтқан емес. Бұл жолы 24 салмақ дәрежесінде Әсел Сайн, 28 салмақта Іңкәр Сабырбек, Мадияр Серікбай, 32 салмақ бойынша Медеу Қоламсақ, 36 келі бойынша Бекжан Жасан жеңімпаз атанды. Ал Тазанұр Толыбай 22 келі, Рахман Бекжан 32 келі, Еркеназ Нұрлыбек 40 келі салмақта күміс жүлдені еншіледі. Қола жүлдегерлер қатарында Мирас Пахрадин мен Сұлтан Нартай болды.
– Көбіне спорттың бұл түріне қыз балалар қызығады. Сондықтан болар кез келген тәсілді тез қабылдап, жылдам нәтиже шығарады. Мұнымен ер балаларды нашар деп айтуға болмайды. Өйткені олардың да жеткен шыңы бар. Шығатын биігі әлі алда. Ал Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде өткен додаға тоқталатын болсақ, шәкірттерім өз шеберліктерін көрсетті. Үздіксіз жаттығу жеңіс жетелейтінін білетін олар аудан намысын абыройлы қорғап шығуға әрқашан дайын, – дейді бапкер.
Міне, аудандағы Мұстафа Өзтүрік ізбасарларының жеткен жетістігі осындай. Бұл үздіктердің бірсыпырасы ғана. Қазір мұнда шығыс жекпе-жегі өнеріне құштар 100-ден асатын жас бар.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
17 қыркүйек 2022 ж. 339 0

«Жыл адамы» анықталды

02 қаңтар 2025 ж. 50

Тағы да жер сілкінісі

02 қаңтар 2025 ж. 40

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!

01 қаңтар 2025 ж. 91

Жылан жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2024 ж. 109

Ақ шана

31 желтоқсан 2024 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031