Ел экономикасында үш жылдан бері болмаған нәтиже тіркелді
Қазақстанның төлем балансында үш жылда алғаш рет профицит тіркелді.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның сыртқы саудасы мен қызметтерінен түсетін кірістер мен шығыстардың арақатынасы нәтижесінде 2,4 млрд доллар немесе ЖІӨ-нің 1,6%-ы көлемінде оң сальдо қалыптасты. Бұған экспорт көлемінің импортқа қарағанда жылдам өсуі негізгі себеп болды.
Кейінгі он жылда Қазақстанның ағымдағы шоты он жағдайдың тоғызында тапшы болды. Бұл ретте тауарлар саудасы жыл сайын оң сальдоны қамтамасыз етті, оның едәуір бөлігі шетелдік инвесторларға табыс төлемдерімен өтелді.
2026 жылдың I жартыжылдығында ағымдағы шоттың сальдосы шамамен $6 млрд-қа жақсарды: тауар профицитін 2 еседен астам — $7,7 млрд-тан $16,2 млрд-қа дейін кеңейту шешуші рөл атқарды.
Экспорт өсіп, шикізаттық емес өнімдерді жеткізу артып жатыр
Ұлттық банктің хабарлауынша, 2026 жылдың І жартыжылдығында тауарлар экспорты 27,1%-ға, $48,5 млрд-қа дейін өсті. Тауар позицияларының 80%-дан астамы бойынша оң динамика байқалды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, осы кезеңде мыс пен мыс катодтарын жеткізу 58%-ға, мыс кендері мен концентраттарын жеткізу 42,9%-ға, уран — 15,1%-ға артты. Күкірт экспорты 2,9 есе, күміс 2,4 есе өсті.
Жеті айдың қорытындысы бойынша жалпы экспорт 15,8%-ға, $50,9 млрд-қа дейін өсті. Сыртқы сауданың оң сальдосы $14 млрд-қа жетті.
Маңызды үрдіс — өңдеу өнеркәсібі өндірісінің 9%-ға артуы аясында шикізаттық емес экспорттың 19,5%-ға, $18,6 млрд-қа дейін өсуі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде қайта өңделген өнімдердің экспорты кеңейіп жатыр
Жеті айдың ішінде АӨК өнімінің экспорты 34,8%-ға, $5 млрд-қа дейін өсті.
Бидай жеткізілімінің ұлғаюымен қатар (+25,5%) қайта өңдеу өнімдерінің экспорты өсті:
- күнбағыс майы — на 49,1%;
- ұн — 37,1%;
- мал азығы — 68,2%.
Зығыр тұқымының экспорты 2,2 есе өсті. Бидаймен бірге бұл өнімдер ауыл шаруашылығы экспортының шамамен 60%-ын қамтамасыз етеді.
Импорт құрылымы өндірістік бағытқа қарай өзгеріп жатыр
2026 жылдың І жартыжылдығында импорт көлемінің өсуі оның құрылымындағы өзгерістермен қатар жүрді. Атап айтқанда, жабдықтар мен аралық тауарларды сатып алу көлемі артса, тұтыну тауарларының импорты қысқарды.
Тұтыну тауарлары: импорт көлемі 10,5% төмендеп, $8,3 млрд болды. Азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларының импорты 15,4% қысқарды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,6% өсіп, 9,5 трлн теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция 33,3% ұлғайып, 1,43 трлн теңге болды.
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,8%, машина жасау саласында 23,1%, химия өнеркәсібінде 20,7% өсті.
Автомобиль жасау саласындағы көрсеткіштер осы үрдісті айқын мысалы бола алады. Жеңіл автомобильдер импорты 21,9%-ға қысқарғанымен, отандық өндіріс көлемі 37,2%-ға артып, 88,9 мың көлікке жетті. Бұл импорттың Қазақстанда құрастырылған өнімнің ішінара алмастырылып жатқанын көрсетеді.
Экономика үшін профицит нені білдіреді?
Ағымдағы шоттың оң сальдосы сыртқы экономикалық операциялардан түсетін қаражаттың шетелге төленген төлемдерден асып түсетінін білдіреді.
Бұл Қазақстанға сыртқы міндеттемелер бойынша төлемдерді өз валюталық түсімдері есебінен көбірек өтеуге, сыртқы қаржыландыруға тәуелділікті азайтуға және әлемдік нарықтардағы өзгерістерге төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, төлем балансының жақсаруы шикізаттық емес экспорттың өсуі, өңделген өнім жеткізу көлемінің ұлғаюы және импорт құрылымының өндірістік тауарлар пайдасына өзгеруімен қатар жүріп отыр. Бұл үрдістердің жиынтығы Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі кеңейтуге негіз қалайды.
Еске салайық, бұған дейін халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстан экономикасы 5%-ға жуық өсетінін болжаған еді.












