Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ерхан Оңталапов: Біз бағындырар белес көп

Ерхан Оңталапов: Біз бағындырар белес көп

Бокс – әлемдегі жанкүйері ең көп спорттың бірі. Аталмыш спортта үлкен жетістікке жеткен бірқатар елдің өзіндік стилі де бар. Бұл қатарда әлемдік аренада талайды жығып, миллиондаған көрерменнің назарын аудартқан қазақ бокс мектебінің стилі де ерекше. Оның ішінде бокстан ел қоржынына үлкен үлес қосып жүрген Қазалы ауданының боксшылары кенде емес. Толығырақ айтсақ, 2012 жылы Лондонда өткен олимпиядада қола жүлде иеленген Марина Вольнова, Азия чемпионы атанған Гүлсая Ержан сынды намыс туын жықпаған спортшылар бар.
Бүгінде осы секілді аға-әпкелерінің жолын қуған жас боксшылардың бірі – Ерхан Оңталапов. Жуырда ғана Қазақстан чемпионатында алтын иеленген жасөскінмен сұхбат құрудың сәті туған еді.
– Ерхан, жуырда ҚР чемпионатында былғары қолғап шеберлері бәсекесінде басып озып, алтын алқа тағынып, аудан абыройын асқақтатып қайттыңыз. Жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Аталмыш сайыста қандай қиындықтар кездесті?
– Еңбекті бағалап жатқандарыңыз үшін көп рахмет!
Иә, бұл қиыны мен қызығы қатар болған үлкен сайыс болды. Алғашқы кезеңдерде жарақат алдым. Сол ақтық мәреде қатты әсер етті. Қарсыласым да осал болмады. Бірақ бұған қарамастан бапкерім мен басқа да маған сенім артып отырған жандардың үмітін ақтауға тырыстым. Оның үстіне қаншама уақыт төккен қан мен тер, еңбек еш болмауы керектігін де естен шығармадым. Міне, осылай жеңіс тұғырынан көріндік.
– Бұл спортқа қызығушылығыңыз қалай пайда болды? Отбасыңызда ата-анаңыздың спортқа қатысы бар ма?
– Қай жігіттің болмасын сүйікті спортының бірі – бокс. Сол секілді менде де қызығушылық басым болды. Оны әрі қарай жетілдіруге, арманымның мақсатыма айналуына атамның ерекше үлесі зор. Ол жас кезінді мықты боксшы болған.
– Елде Жәнібек Әлімханұлы, Геннадий Головкин сынды аты әлемге әйгілі көптеген боксшылар бар. Бұлардың қайсысын өз кумиріңіз, мотиваторыңыз санайсыз?
– Қазақстанды әлемге танытып жүрген мықты спортшылар көп. Олардың әрқайсысын кумирім санаймын. Бірақ мотиваторым "GGG" лақапатымен танымал – Геннадий Головкин. Барша қазақстандық әрбір кездесуін таң атысымен асыға күтетін Гена ағамыз осы салада ойып тұрып орын алады. Тіпті әлем тарихында қалатынына да сенемін.
Біздің бокс секциясында бапкеріміз әрқайсысымызды осындай қазақстандық боксшылардың атымен атап, лақап ат қояды. Соның ішінде мені "GGG", "Гена" деп атайды. Бұл өз кезегінде бізді қуаттандырып, қанаттандырады.
– Әлемге танылған әр атлеттің жеңісіне сөзсіз бапкердің қосқан үлесі зор. Осы орайда, жаттықтырушыңыз жайлы айтып өтсеңіз...
– Рас айтасыз. Мұнымен толықтай келісемін. Менің осы жетістікке жетуіме бірден бір себепкер бапкерлерім. Олар – Азамат Құтпанбетов пен Бақытбек Құлбаев. Екеуі де үйірмедегі барлық балаға ерекше қолдау көрсетеді.
Бұрын осы бапкерлерім "Болашақта ҚР чемпионы қылып шығарамын" деген уәдесі бар еді. Оңайлықпен жетпесек те, алға қойған арманымыз, мақсатымыз орындалды. Бапкерлеріме басымды иіп, шексіз алғыс айтамын. Алдағы уақытта әлі де талай спорт саңлақтарын дайындап шығарады деп сенемін.
– Бүгінде мектеп қабырғасында оқып жатырсыз. Келешекке қандай жоспарыңыз бар? Алға қойған арман-мұратыңызбен бөліссеңіз...
– Келешекке жоспар көп. Бұйырса, мектепті ойдағыдай аяқтап, жақсы оқу орнына тапсырсам деймін. Сонымен қатар осы спортты әрі қарай жалғастырып, Азия, Әлем чемпионаттарында өнер көрсеткім келеді. Қазақстан, Қазалы бокс мектебін дамыту ең басты мақсатым.
– Сұхбатыңыз үшін рахмет. Алдағы бағындырар жаңа белестеріңізде тек қана сәттілік тілейміз!

Әңгімелескен
Серік АҚМЫРЗА
19 желтоқсан 2023 ж. 356 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930