Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде екпе алмаған балалардың мектеп пен балабақшаға баруына шектеу қойылуы мүмкін

Елімізде екпе алмаған балалардың мектеп пен балабақшаға баруына шектеу қойылуы мүмкін

Фото: pixabay.com
Қазақстанда екпе алмаған балалардың сабаққа қатысуы сыныптастарының қаншасы екпе алғанына байланысты болуы ықтимал. Дегенмен Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов мұндай жағдайда әр баланың мәселесі жеке қаралатынын да атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрылтайда өткен Үкімет сағатынан кейін өткізілген брифинг барысында журналист Манас Рамазановқа екпе алмаған балалардың мектеп пен балабақшаға баруына қатысты сұрақ қойды. Вице-министрдің айтуынша, мұндай балаларға бірден тыйым салынбайды. Шешім қабылдағанда сыныптағы немесе балабақша тобындағы балалардың қаншасы екпе алғаны ескеріледі.
"Егер балабақша тобындағы немесе сыныптағы балалардың басым бөлігі екпе алған болса, бір баланың екпе алмауы ұжымдық иммунитетке айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ әр жағдайды жеке қарастыру керек. Ал топтағы немесе сыныптағы балалардың көбі екпе алмаған болса, әрине, олардың келуіне тыйым салынады", – деді Манас Рамазанов.
Дегенмен вице-министр бұл талаптың іс жүзінде қалай қолданылатынын нақты түсіндірмеді. Мәселен, екпе алмаған балаларға шектеу тек жұқпалы ауру тараған кезде қойыла ма, әлде тұрақты түрде қолданыла ма – бұл жағы белгісіз белгісіз болып отыр. Сондай-ақ мұндай жағдайда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырыла ма деген сұрақ та жауапсыз қалды.
Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елде қызылша өршіп, балалардың денсаулығына қауіп төніп жатқанын ескерткен еді. Осыған байланысты 6–10 айлық сәбилерге қосымша екпе салу басталып, вакцина алмаған балаларды егу жұмыстары күшейтілді. Министр ата-аналарды балаларын уақытылы вакцинациялауға шақырды.
16 қараша 2026 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30