Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда сыра айналымын қадағалау жүйесін енгізу мерзімін кейінге шегеру ұсынылды

Қазақстанда сыра айналымын қадағалау жүйесін енгізу мерзімін кейінге шегеру ұсынылды

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, алкоголик, алкоголики, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 12:47Фото: pexels
Қаржы министрлігі сыра мен сыра сусындарын сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау және қадағалау қағидаларына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобаға сәйкес, сыра айналымын қадағалау жүйесін енгізу мерзімін кейінге шегеру көзделген.
Министрліктің түсіндіруінше, қосымша уақыт логистика мен есепке алу процестерін жаңа талаптарға бейімдеуді аяқтау үшін қажет. Сондай-ақ тауарларды топтық қаптамаға біріктіру кезінде таңбалау кодтарының дұрыс оқылуын реттеп, бақылау-касса машиналары мен 1С есепке алу жүйесінің тауарларды таңбалау және қадағалау цифрлық жүйесімен өзара жұмысын жан-жақты тексеру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, кегтерден құйып сатылатын таңбаланған сыраны сатылған мөлшеріне қарай есептен шығару тәртібін бекіту ұсынылады. Бұл өнімнің сатылған көлемін есепке дұрыс алуға мүмкіндік береді.
Өзгерістер тауар жеткізудегі іркілістердің, дистрибьюторлардың тауарды қабылдау кезіндегі кідірістердің алдын алуға және бөлшек сауданың үздіксіз жүруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 27 қарашаға дейін жалғасады.
16 қараша 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30