Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлсая жеткен жетістік

Гүлсая жеткен жетістік

Бұған дейін талай мәрте сөз етіп, жеңімпаздар ұстаханасына айналған №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің былғары қолғап шеберлері республикада ғана емес, әлемдік аренада топ жарып келеді. Оның басым көпшілігі ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Құлбаев баптаған қазалылық боксшы қыздар.
Жуырда белгілі бапкердің қыздары тағы да жағымды жаңалықпен аудан жұртын қуанышқа бөледі. Нақтыласақ, 31 қазан мен 13 қараша күндері аралығында Иордания мемлекетінің астанасы Амман қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз Гүлсая Ержан күміс жүлдені қанжығасына байлады.
Есте болса, 81 келі салмақта дәрежесінде бақ сынаған мақтанышымыз жартылай финалда вьетнамдық Ти Хонг Нгуенді 5:0 есебімен артта қалдырған болатын. Дегенмен ақтық сында Үндістан елінің боксшысы Савитиге есе жіберді.
– Финалдағы қарсыласты менсінбеуге болмайды. Қанша дегенмен алтын жүлде сарапқа салынып жатқан соң, бар күш-жігеріңді саласың. Үндістандық ару тәжірибелі екен. Оны шаршы алаңда байқадым. Спорт болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бұл жолы күміс жүлде бұйырып тұр екен. Бірақ келесі жолы осы күмісті алтынға айырбастайтын боламын. Алдағы уақытта кеткен қателіктермен жұмыс жасап, әлемдік біріншіліктерде топ жаруға ниеттімін, – дейді Гүлсая.
Несін жасырайық, шаршы алаңда намысты қолдан бермейтін қазалылық қайсар қыздар спорттың бұл түрінен шебер десек артық айтқандық болмас. Өйткені бұған дейін оны Марина Вольнова дәлелдеген болатын. Осындай Олимпиада да үздіктер қатарынан көрінген спортшының ізін жалғаған Гүлсая әлі талай өзгелерден озат болатынына сенеді.
Айта кетейік, аталған Азия чемпионатында Қазақстанның спортшы қыздары 3 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль еншіледі.

А.ЖОЛТЕРЕК
18 қараша 2022 ж. 1 033 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930