Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі мектептердің бейнебақылау жүйелеріне ЖИ енгізіліп жатыр

Елдегі мектептердің бейнебақылау жүйелеріне ЖИ енгізіліп жатыр

Жаңа жүйені үш облыстағы мектептерге енгізу басталды.
Елдегі мектептердің бейнебақылау жүйелеріне ЖИ енгізіліп жатырФото: ЖИ
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайда өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мемлекет басшысының 2026 жылғы 12 мамырдағы Жарлығына сәйкес орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект кезең-кезеңімен енгізілуде. Жобаның мақсаты – қала мен ауыл арасындағы білім сапасы алшақтығын қысқартып, әр балаға жекелендірілген оқыту мүмкіндігін ұсыну. Алғашқы кезеңде 500 пилоттық мектеп қамтылып, 240 мың педагог оқытылды. 2028 жылы 2 600 шағын жинақты мектепті толық қамту көзделген", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрдің сөзінше, білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне жасанды интеллект элементтерін енгізу басталды. 
"Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан (44 мектеп), Ақмола (35), Қарағанды (10) облыстарының мектептерінде енгізіліп жатыр", – деді ведомство басшысы.
16 қараша 2026 ж. 18 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30