Бала қайтсе қауіпсіз болады?
Бала қауіпсіздігі – маңызды міндет. Бүгінгі қоғамның ең басты сынағы және оны шешу жолдары қазіргі заманғы қарқынды дамыған қоғамда жай ғана ата-ананың жеке жауапкершілігі емес, мемлекет пен қоғамның біріккен күш-жігерін талап ететін стратегиялық мәселеге айналуда. Әр ата-ана перзентін көшеге шығарғанда немесе мектепке жібергенде алаңдайтыны жасырын емес. Елімізде бұл бағыттағы қоғамды дүр сілкіндірген басты оқиғалар мәселенің нәзік әрі күрделілігін ұғындыруда. Ендеше, баланы қауіптен қалай қорғаймыз? Оның алдын алу үшін қандай жүйелі әрекет қажет?ЕРКЕЛІК ПЕН ЕСІРЛІК ШЕКАРАСЫ
«Адамның бір қызығы – бала деген» деп хакім Абай айтқандай, кішкентайлардың сүйкімді қылықтарын қызықтау ересектер, әсіресе, ата-ана, жақындарына қуаныш сыйлайтыны анық. Ұрпағын жалғасына санайтын қазақ жұрты «Еті – сенікі, сүйегі – менікі», «Қамысты қатты ұстасаң, қолыңды кеседі» деген тәмсілді тудырған халқымыз еркелету мен мейірім шекарасын ажырата білген. Дәстүрлі ұғымда «ананың баласы» деген теңеу бар. Бұл туралы бүгінгі ананың пайымы басқа.
«Анам менің көрші, туыс балаларымен жиі салыстыратын. Олардың анасы бізді мысал еткен. Қазір ол жүйе дұрыс еместігін көрсетті. Бір бала 3 жасында, бір бала 5 жасында сөйлеуі мүмкін. Бірі математик болса, бірі бизнеске бейім. Бәрін бір-біріне үлгі ету орынсыз.
Анам қайтыс болған соң әкем таңдауды өзімізге қалдыратын. Ол қандай да бір қиындықтан шешім тауып шығуға көмектесті. Бұл тұлғалық тұғыры болды.
Энштейин «Баланы біреумен салыстыру оны жігерлендіру емес, керісінше сағын сындыру дейді екен. Біз біреуді үлгі ете отырырып, өз пікірі жоқ, ойлана алмайтын көшірме тәрбиелейміз», – дейді Қарлығаш Сайлаубай.
Американдық психолог Уэнделл Джонсонның «Қорқынышты тәжірибесі» жетімдер үйіндегі балаларды екі топқа бөледі. Бірінші топтағы балаларды сөйлеген сайын мақтап, олардың қателіктеріне назар аудармай, қолдау көрсетеді. Екінші топтағыларды үнемі сынға алып, әрбір сөйлеген сөзіне мін тағып, «сендер қате айтып жатырсыңдар, дұрыс сөйлей алмайсыңдар» деп қатаң ескерту жасап, мазақ етеді. Нәтижесінде үнемі сын мен қатаң қатынас көрген балалардың психикасы қатты зақымданып, оларда тұтығу пайда болды, тұйық, өзіне сенімсіз, өмірде кез келген қиындыққа төтеп бере алмайтын әлсіз болып қалыптасты. Бұл эксперимент кейіннен ғылыми ортада «Монстр-тәжірибе» деп аталып, қатал сынға ұшырайды.
Ал психолог Джон Уотсонның 1920 жылы жарияланған «Кішкентай Альберт» тәжірибесінде ешнәрседен қорықпайтын, қалыпты дамып келе жатқан кішкентай сәбиге ақ тышқанды көрсетіп, артынан қатты дыбыс шығару арқылы үрейлендірді. Бала осы уақыт ішінде тек тышқаннан ғана емес, ақ түсті жүннен, қояннан, тіпті Санта-Клаустың маскасынан да қорқатын жағдайға жетеді. Бұл жүйке жүйесі сыртқы стресс пен қатыгездікке төтеп бере алмай, кез келген қысымнан әлсіз болып қалатынын дәлелдеді.
Қос тұжырым баланы тым шектен тыс аялап, ешқашан ескерту жасамай, қателігін бетіне баспай өсіру де немесе орынсыз тым қатты ұрысып, жазалай беру де баланың өмірлік төзімділігін жоятынын дәлелдеген. Тым еркелетіліп, өмірдің соққысын көрмеген бала шынайы өмірдегі кішкене қиындыққа тап болса, күйзеліске түсіп қалатынын аңғартады. Ал үнемі ұрыс пен айқайдың астында өскен баланың жүйке жүйесі тозып, өзіне сенімсіз, қорқақ болып өседі. Сондықтан тәрбиеде шектен шықпай, орта жолды ұстану маңызды. Тізгінді дұрыс басқаруды үйренген қазақтың дәстүрлі педагогикасындағы «балаңды аясаң, аяма», «жіберіп – тарту» әдісін тұрақты ұстануы өз өміршеңдігін көрсетіп, еркелете отырып, есерікке жол бермеудің тура тәсіліне айналған.
«ҚАРАУСЫЗ» ӘЙЕЛ БАЛАНЫ ҚАРАҢҒЫ ЕТЕДІ
Энштейин «Баланы біреумен салыстыру оны жігерлендіру емес, керісінше сағын сындыру дейді екен. Біз біреуді үлгі ете отырырып, өз пікірі жоқ, ойлана алмайтын көшірме тәрбиелейміз», – дейді Қарлығаш Сайлаубай.
Американдық психолог Уэнделл Джонсонның «Қорқынышты тәжірибесі» жетімдер үйіндегі балаларды екі топқа бөледі. Бірінші топтағы балаларды сөйлеген сайын мақтап, олардың қателіктеріне назар аудармай, қолдау көрсетеді. Екінші топтағыларды үнемі сынға алып, әрбір сөйлеген сөзіне мін тағып, «сендер қате айтып жатырсыңдар, дұрыс сөйлей алмайсыңдар» деп қатаң ескерту жасап, мазақ етеді. Нәтижесінде үнемі сын мен қатаң қатынас көрген балалардың психикасы қатты зақымданып, оларда тұтығу пайда болды, тұйық, өзіне сенімсіз, өмірде кез келген қиындыққа төтеп бере алмайтын әлсіз болып қалыптасты. Бұл эксперимент кейіннен ғылыми ортада «Монстр-тәжірибе» деп аталып, қатал сынға ұшырайды.
Ал психолог Джон Уотсонның 1920 жылы жарияланған «Кішкентай Альберт» тәжірибесінде ешнәрседен қорықпайтын, қалыпты дамып келе жатқан кішкентай сәбиге ақ тышқанды көрсетіп, артынан қатты дыбыс шығару арқылы үрейлендірді. Бала осы уақыт ішінде тек тышқаннан ғана емес, ақ түсті жүннен, қояннан, тіпті Санта-Клаустың маскасынан да қорқатын жағдайға жетеді. Бұл жүйке жүйесі сыртқы стресс пен қатыгездікке төтеп бере алмай, кез келген қысымнан әлсіз болып қалатынын дәлелдеді.
Қос тұжырым баланы тым шектен тыс аялап, ешқашан ескерту жасамай, қателігін бетіне баспай өсіру де немесе орынсыз тым қатты ұрысып, жазалай беру де баланың өмірлік төзімділігін жоятынын дәлелдеген. Тым еркелетіліп, өмірдің соққысын көрмеген бала шынайы өмірдегі кішкене қиындыққа тап болса, күйзеліске түсіп қалатынын аңғартады. Ал үнемі ұрыс пен айқайдың астында өскен баланың жүйке жүйесі тозып, өзіне сенімсіз, қорқақ болып өседі. Сондықтан тәрбиеде шектен шықпай, орта жолды ұстану маңызды. Тізгінді дұрыс басқаруды үйренген қазақтың дәстүрлі педагогикасындағы «балаңды аясаң, аяма», «жіберіп – тарту» әдісін тұрақты ұстануы өз өміршеңдігін көрсетіп, еркелете отырып, есерікке жол бермеудің тура тәсіліне айналған.
«ҚАРАУСЫЗ» ӘЙЕЛ БАЛАНЫ ҚАРАҢҒЫ ЕТЕДІ
«Германияда бір балаға төленетін жәрдемақы қомақты, еліміз де солай менің 5 балам үшін ай сайын жылына алатын ақша көлемінде қолдау білдірісе, мен де балаларымның тәрбиесімен айналысар едім. Білесіз бе, қазақ: «Арқа жылы болса, арқар ауып несі бар» дейді. Бұл – бүгінгі қазақ қоғамының айқын көрінісі. Күнкөріс үшін шетел асып кеткен отандастарымыз қанша?.. Кім отбасының жанында болғысы келмейді? Кім баласын телефон тәрбиелегенін қалайды? Амалсыз осы қадамға баруға мәжбүрміз», – дейді көпбалалы ана Алтынай Ханкелдіқызы.
Ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары және құрсақ тәрбиесі тақырыптарын кеңінен насихаттап жүрген Құндыз Оралжан: «Қазақ әйелінің негізгі жұмысы – бала бағу. Кеңес үкіметі теңдік атаған әйелдерді жұмысқа шығару – отбасы институтын ажыратудың негізгі құралы еді».
Этнопедагог Ұлан Құрманғалидің ютуб арнасына берген сұхбатында шетелдік бала күтушілерден қорқу керектігін айтып, дабыл қағады.
««Меңіреу әйелден меңіреу бала туады» дейді Мәшһүр Жүсіп Көпеев». Шетелдік бала күтушілер тәрбиелеген балалар меңіреу болады. Ағышынша үйренуі мүмкін. Бірақ қазақ баласының филифиндіктерден өзге тілді үйренгенінен, қазақ азаматынан үйренгені әлдеқайда дұрыс. Қазақ тіліндегі акустикалық ерекшелік көптеген шетелдіктерде жоқ. Ағылшын тілін білу – мүмкіндік. Алайда ол мән емес, бізге одан руханият маңызды», – дейді Қ.Оралжан. Ұсыныс ретінде сол ақшаны қазақтың дана қариясына беруге кеңес береді.
Тәрбие маманы бала тілін басқаша шығарып жатқан ата-ана болса, оны қалпына келтіру, олқылықтың орнын толықтыруда негізгі құрал –халық ауыз әдебиеті екенін алға тартады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметтеріне зер салсақ, PISA халықаралық зерттеуінің нәтижелеріне негізделген көрсеткіш көпшілікті ойлануға шақырады.
«Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы Inform.kz ресми ақпараттық агенттігінен берген сұхбатында оқушылардың 64 проценті қазақ тілінде оқыған мәтінді түсінбейтінін айтқан.
«Бұл көрсеткіш тек білім сапасына ғана емес, баланың тәрбиесі, сана-сезімі және тұлға болып қалыптасуына да тікелей қауіп төндіреді.
Тарқатып айтар болсақ, біріншіден, критикалық ойлаудың қалыптаспауы. Бала оқығанын түсінбесе, ақпаратты саралай алмайды. Оларды сырттан келген кез келген ақпарат, әлеуметтік желідегі жалған мәліметтерге және манипуляцияға тез еріп кететін сенгіш етіп жібереді.
Тәрбиелік мәні – өз бетімен дұрыс пен бұрысты ажырата алмайтын бала басқалардың ықпалына тез түседі.
Мәтінді түсінбеген бала өз ойын ауызша не жазбаша жүйелі түрде жеткізе алмайды. Бұл оларда коммуникативтік қиындықтар тудырады. Ойындағысын дұрыс айта соң жиі ашушаң болады немесе тұйықталып, өз-өзіне сенімсіз болып өседі. Бұл буллингке ұшырау немесе агрессия таныту қаупін арттырады.
Егер бала классикалық әдебиетті, рухани-адамгершілік мазмұндағы шығармаларды оқып, оның астарын түсінбесе, онда кітап оқуға деген қызығушылығы мүлде жоғалады.
Кітап – адамға жақсы мен жаманды айыруды үйрететін негізгі тәрбие құралы. Оқу мәдениеті құласа, тәрбиенің де іргесі шайқалады.
Мәтінмен жұмыс істей алмау – күнделікті өмірдегі нұсқаулықтарды, ережелерді немесе қоғамдық тәртіп талаптарын түсінбеуге әкеп соғады. «Не істеу керек?» деген қарапайым сұраққа жауап таба алмаған бала әлеуметтік ортада қателесіп, теріс жолға түсіп кетуі ықтимал.
Бұл тек қана «сабақты нашар оқу» проблемасы емес. Оқығанын түсінбейтін ұрпақ – өз тарихын, мәдениетін толық түсіне алмайтын, саналы түрде таңдау жасай алмайтын рухани әлсіз қоғамның қаупі. Сондықтан бұл мәселені баланың білімі үшін ғана емес, болашақ ұрпақтың тәрбиесі үшін де үлкен дабыл ретінде қабылдау керек.
Бұл мәселені шешу үшін отбасында баламен кітап оқып, оның мазмұнын бірге талқылаудың маңызы өте зор. Балаңыздың оқуға деген көзқарасы қандай, бос уақытында кітап оқи ма?», – дейді ұстаз Ақмарал Қаманова.
«Әйел үйде отыруы керек» деген пікірге Adaika_lovve есімімен танымал блогер түбегейлі қарсылық танытқан.
«Бала тумаңдар демеймін. Оны дүниеге әкелу, қатарға қосу – үлкен жауапкершілік. Әркім өзі баға алатын халіне қарай бала әкелгені дұрыс. Меніңше, жұмыс істемейтін әйел – қараусыз әйел. Қазір ондай әйел еріне де, ешкімге де ұнамайды. Қадір-қасиеті болмайды. Олар тұрмыстық жағдайдан аса алмайтын адам қалай саналы ұрпақ тәбиелеуге үлес қоса алады», – дейді ол жазбасында. Мұндайда Мұхтар Әуезовтің: «Әкең ғалым болса да, тәрбиені тезек теріп жүрген анаңнан аласың», – деген пікірі ойға оралады.
САҚТАНҒАН – САҚТАЛАР, САҚТАНБАҒАН – ҚАҚПАЛАР
Халқымыз: «Сақтанған – сақталар, сақтанбаған – қақпалар», – дейді.
Мақала әзірлеу барысында қоғам базынасына құлақ түрдік. Балаға қауіп төндіретін жайттар деп ата-аналарды мазалайтын ең өткір қауіп-қатерлерді тізбеледік. Сауалнамаға қатысқандар иттің қауып алу, орта мен педофилдер қаупі, буллинг, гаджеттер мен телефон әлемі, сондай-ақ жол-көлік қауіпсіздігі мәселелерін кешенді түрде талдап, олардан қорғану жолдарына алаңдайтындықтарын жеткізді.
Төрт түлік залалы мен ит қауып алуы – көшедегі бақылаусыз қауіп.
Соңғы жылдары қалалар мен ауылдарда қаңғыбас немесе иесі қараусыз қалдырған иттердің балаларға шабуыл жасау фактілері жиілегені жасырын емес. Бұл – бала өмірі мен психологиясына орны толмас жарақат әкелетін қатер. Ал иттердің көзін өз еріктерін жоюға жол жоқ. «Мұндайда не істеу керек?» деген пікірге педагог Бағдат Әлмұратова жауап береді.
«Балаға күнделікті кездесетін жануарлардың мінез-құлқын үйрету қажет. Бейтаныс иттерге жақындамау, олардың тамақтанып жатқан немесе күшіктерін қорғап жатқан кезінде мазаламау, қашпай, жаймен кейін шегіну ережелерін жаттатқызу маңызды.
Жергілікті атқарушы органдарға қаңғыбас иттерді аулау, стерилизация жасау және есепке алу жұмыстарын күшейту туралы өтініштер мен арыздарды белсенді түрде жолдау қажет.
Балалар көп жүретін қауіпті аймақтарда ата-аналардың өзара бақылауы немесе арнайы ультрадыбыстық құрылғыларды, қажет болған жағдайда ересектердің бақылауымен, қолдану мүмкіндігін қарастыру керек», – дейді.
Психолог Анар Нұрбайқызы баланың айналасындағы орта тек мектеп пен үймен шектелмейтінін айтады. Айтуынша, қараусыз қалған аулалар, қараңғы көшелер мен жарықтандырылмаған аумақтар балаларға қауіп төндіреді. «Жоқ», «Бөтен», «Қаш» ережесін, балаға бейтаныс адамдардың кәмпит, ойыншық немесе «ата-анам шақырып жатыр, көмектесіп жібер» деген сияқты алдауларына сенбеу керектігін қатаң түсіндіруге әр ата-ана назар аударуы қажет.
«Бала ата-анасынан қорқып емес, кез келген күдікті жағдайды жасырмай айта алатындай сенімді қарым-қатынас орнату керек.
Көбіміз бала мектепке немесе үйге қайтатын жолды алдын ала бірге жүріп өтіп, адам көп жүретін, жарық және қауіпсіз көшелерді ғана таңдауды ашық түсінідіре бермейміз
Тағы бір айтарым, буллинг баланың психологиясын бұзып қана қоймай, оның өмірге деген көзқарасын теріс арнаға бұруы мүмкін. Бұл тек сыныптағы құрдастар арасында ғана емес, киберкеңістікте де кең етек жайған.
Оның белгілерін тани білу керек. Мәселен, баланың тұйықталуы, мектепке барғысы келмей, заттарының жиі жоғалуы немесе бүлінуі, көңіл-күйінің жиі өзгеруінен ата-ананы сақтандыруы тиіс. Мұғалімдермен, психологпен тығыз байланыста болып, буллинг орын алған жағдайда оны жасырмай, мектеп әкімшілігімен бірлесіп дереу шешім қабылдаған жөн. Балаға оның әрқашан қорғауда екенін, кінә өзінде емес екенін түсіндіріп, өзіне деген сенімділігін арттыруға атсалысқан дұрыс», – дейді.
Тағы бір назар аударатын мәселе баланың мінез-құлқындағы өзгеріс, тұйықталу, сабаққа барғысы келмеу немесе қатарластарымен араласудан қашуы жай ғана өтпелі кезең емес, оның қандай да бір қысымға ұшырағанының белгісі болуы мүмкін. Сондықтан мектепте бала өзін қауіпсіз сезінетін психологиялық орта қалыптастыру, мұғалімдердің, психологтердің және ата-аналардың өзара байланысын нығайту маңызды. Баланы қорлау мен кемсітуді қалыпты құбылыс ретінде қабылдауға болмайтыны туралы ойымен бөлісті.
«Жалғыз көзді дәу» деген қоғамдық сипат алған смартфонның да бала санасына әсері орасан. Интернет – білім көзі ғана емес, сонымен қатар кибербуллинг, интернет-алаяқтар, жабық топтар, суицидке итермелейтін ойындар және контент қауіптерінің ошағы екенін айтады жасөспірімдер жөніндегі полиция Тамара Ержанқызы.
«Цифрлық гигиена және ата-ана бақылауы жолға қойылуы керек. Сіз ата-ана болсаңыз телефон қолдану уақытын жас ерекшелігіне сай шектеуге наза аударыңыз. Мұндайда «Parental Control» сынды бақылауы бағдарламаларын орнатуға болады», – дейді.
Жол қозғалысы және көлік қою орындарының қауіпсіздігі туралы да маманның айтары бар.
«Көшедегі көлік қозғалысы ережелерін бала әлі толық түсінбейді немесе жағдайды бағалай алмайды. Сонымен қатар, көптеген тұрғын үй аумақтарында көлік қою орындары толық жабдықталмаған, тротуарлар мен балалар алаңшаларын машиналар басып қалады. Бұл балалардың көлік астына түсу қаупін бірнеше есе арттырады.
Жол жүру ережелерін теория жүзінде ғана емес, пракикада – көшеде жүргенде қайталап отырыз, «Жасыл жарық», «жаяу жүргіншілер өткелі» ережелерін қатаң сақтауды әдетке айналдырыңыз».
Бұл орайда инфрақұрылымдық мәселені шешу жайы да актуалдығын айқындатады.
Тұрғын үй аулаларындағы автокөліктердің жылдамдығын шектейтін «жасанды кедергілер» орнату, балалар алаңшаларын қоршауды талап ету үшін жауапты орындармен бірлесіп жұмыс істеу, мектеп маңындағы жол белгілері мен жарықтандыру жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін бақылауда ұстау жұмыстары кезең-кезеңімен шешімін табуда.
БАЛА ӘЛСІЗДІКТІ ПАЙДАЛАНАДЫ
Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын қарастырғанымызбен, қоғамда осы міндеттің жүзеге асуына тұсау болатын ең басты екі жүйелік кедергі бар. Олар: педагогтер мен психологтердің қағазбастылығы және ата-аналардың жұмыстан қол үзбеуі.
«Мектепте жұмыс істеп жүргенде, кімінің ата-анасы бақылайды, кім бақылаусыз, мұғалімге бәрін аңғару қиын емес. Айтайын дегенім, бала ата-ананың өзіне уақыт бөле алмайтынын жақсы пайдаланады. Есесінде сол уақытта жаман әрекеттер жасап, бос уақытын басқа арнаға бұруға бетбұрыс жасайды. Сондықтан, тәжірибеме сүйеніп айтарым, мейлі телефон көре отырып, мейлі тамақ пісіре жүріп, баланыңның сабаққа дайындығы, күні бойы не істегенін сұрауды әдетке айналдыр», – дейді ардагер-ұстаз Райхан Қарабалаева.
«Қараусыз қалған бала» феномені нені ұғындырады?
Мектеп қабырғасында психолог пен сынып жетекшісі неге көмектесе алмайды?
Қазіргі мектеп мұғалімі немесе психолог баламен жұмыс істеуден гөрі, есеп берумен көбірек айналысады. Бұл орайда «Есеп үшін» атқарылатын жұмыстар «мойын бұрғызбайды». Сынып жетекшілері мен мектеп психологтерінің күнделікті уақытының 70-80 проценті әртүрлі мониторингтерді толтыру, фотоесептер дайындау, статистика жинау және министрлік пен басқармалардан келген шұғыл тапсырмаларға кетеді.
Мектеп психологтері әр баланың жағдайын терең зерттеп, оның ішкі күйзелісін немесе буллинг белгілерін ерте анықтаудың орнына, жоспар толтырумен әуре. Сағат сайын өзгеріп жататын формалар мен платформалар мамандарды шаршатады.
Салдарынан сыныптағы жасырын буллинг, депрессияға түскен немесе агрессивті балаларды көріп, алдын алуға тиіс адамдардың қолы бос емес. Ит қауып, жолда көлік қағып немесе балалар арасында төбелес болып жатқанда, мектеп тек қағаз жүзінде «түсіндіру жұмыстары жүргізілді» деген анықтама жазумен шектеледі.
Екінші жағынан, баланың үйдегі басты қорғаушысы – ата-ана күн көрістің қамымен таңертең кетіп, кешке қараңғыда қайтады.
Қазіргі заман талабы мен қымбатшылық ата-аналарды екі жұмыс істеуге немесе ұзақ уақыт жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Әлеуметтік-экономикалық қыспақ ата-ана баланы мектепке өзі апарып, өзі әкелу, үйірмеге сүйреуге мұршасы жоқ.
Жұмыстағы қажырлы еңбектен шаршап келген ата-ана балаға назар аударуға шамасы жетпеген соң, оның қолына телефон ұстата салады. Бұл баланы көше қауіптерінен ғана емес, виртуалды әлемнің кибербуллинг, алаяқтар құрбаны етеді. Нәтижесінде бала қараусыз қалады. Көшедегі қауіптер: қаңғыбас иттер, көлік қою орындары реттелмеген аулалар, күдікті бейтаныс адамдармен бала бетпе-бет жалғыз қалады.
Жүйелік мәселені бір күнде шешу мүмкін емес, бірақ кезең-кезеңімен төмендегі қадамдарды жасау қажеттігін көрсетеді.
Мұғалімдер мен психологтерді есеп беруден босатып, нақты баламен жұмыс істеуге жағдай жасау керек. Барлық есептер автоматтандырылып, педагог тек баланың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауап беруі тиіс.
Екіншіден, мектеп жанындағы үйірмелерді дамыту. Ата-ана жұмыста болған уақыт, кешкі сағат 18:00-19:00 аралығында баланың мектеп қабырғасында немесе мемлекеттік орталықтарда спортпен, үйірмемен айналысып, қауіпсіз ортада болуын қамтамасыз ету.
Бала қауіпсіздігі – есеп үшін толтырылатын қағаз емес, жанды процесс. Жүйе қағазбастылықтан арылып, ата-анаға баламен көбірек уақыт өткізуге жағдай жасалмайынша, бұл мәселе қайталана береді.
«Бала қауіпсіздігінде қорғансыздыққа қоғам болып тосқауыл қоя аламыз ба?» деген сауалға: «Мемлекет дамуының бір көрсеткіші – қауіпсіздік», – дейді Жапонияда білім алып жүрген Ақмарал Тоққарина.
«20 миллионнан аса тұрғыны бар Токио қаласының көше таблосындағы 0 саны мұндағы жол-көлік оқиғасы жоқтығын көрсетіп тұр. Жапония мектептерінде күнделікті теңгерімді тегін тамақтау, балалардын көше қиылысындағы қауіпсіздігінің жүйелі маршруттары сынды шаралар бар. Қиылыстарда ерікті зейнеткерлер тұрады. Оқушылар сабаққа барар, қайтар кезде дыбыс ұлғайтқыштан көліктерге ескерту беріледі».
Баланың алаңсыз күлкісі мен қауіпсіз балалық шағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының, қоғамдық жауапкершілігінің және адамгершілік ұстанымының айнасы іспетті. Біз кейде бала тақырыпта сөз қозғағанда, ата-ананың қадағалауын, мектептің міндетін немесе тиісті мекемелердің жұмысын алға тартамыз. Алайда мәселенің тамыры әлдеқайда тереңде жатыр. Өйткені баланың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар бір ғана ортада қалыптасып отырған жоқ.
«Мұндағы оқушы сөмкесінен бастап, мектеп формасына дейін қауіпсіздік шараларына бағытталған», – дейді ол.
Қауіпсіздік қадағалаудан емес, жауапкершіліктен басталады,
«Бала қауіпсіздігі дегенде алдымен ата-ана жауапкершілігі ойға оралады. Расында, баланың қайда жүргенін, кіммен араласатынын, қандай ортада өсіп жатқанын білу – әрбір ата-ананың міндеті. Бірақ мұны баланы үнемі бақылауда ұстау деп түсінбеу керек. Ең маңыздысы – баламен сенімді қарым-қатынас орнату.
Кейде үлкендер баланың сөзін елемей, оның қорқынышын еркелікке балап жатады. Ал мұндай немқұрайлылық баланың ішкі әлеміне сызат түсіріп қана қоймай, қауіптің ушығуына да себеп болуы мүмкін. Сондықтан балаға тыйым салудан бұрын түсіндіру, жазалаудан бұрын тыңдау, бақылаудан бұрын сенім қалыптастыру маңызды.
Жаяу жүргіншілер жолағынан өту, бағдаршам белгілеріне бағыну, жол жиегінде ойнамау, қоғамдық көлікте қауіпсіздік талаптарын сақтау – баланың күнделікті дағдысына айналуы керек. Мұны тек мектептегі тәрбие сағатымен шектеу жеткіліксіз. Ата-ана да баласына күнделікті өмірде үлгі көрсетуі қажет.
Бұған қоса, мектеп маңындағы жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелі, жарықтандыру, жылдамдықты шектеу және бейнебақылау жүйелері де талапқа сай болуы керек. Қауіпсіз орта қалыптастыру – баланың сақтығына ғана жүктелетін міндет емес. Инфрақұрылымның да жауапкершілігі бар», – дейді көпбалалы ана Фатима Еңсегенқызы.
Сондай-ақ статистикалық мәліметтер судағы қауіпсіздік – маусымдық емес, тұрақты мәселе екендігін көрсетуде.
Жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі қайтадан күн тәртібіне шығады. Әсіресе өзен-көлдері мол өңірлерде балалардың рұқсат етілмеген орындарда шомылуы үлкен алаңдаушылық туғызады.
Төтенше жағдайлар саласының маманы Аслан Таңатов баланың суға түсуіне тыйым салумен ғана мәселе шешілмейтінін жеткізді. Ең алдымен, оған қауіпсіз шомылу мәдениетін үйрету қажет. Суда жалғыз қалмау, белгіленбеген жерлерге түспеу, тереңдік пен ағыстың қауіптілігін түсіну, төтенше жағдайда көмек шақыру – әр баланың білуі тиіс қарапайым қағидалары.
Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар қауіпсіз шомылу орындарын көбейтіп, қауіпті аймақтарға ескерту белгілерін орнатып, бақылауды күшейтуі керек. Себебі балаларға арналған қауіпсіз балама ұсынбай тұрып, тек шектеу қоюдың нәтижесі шектеулі болмақ.
Бала үшін қауіп тек көшеде немесе қоғамдық орында ғана емес. Смартфонның ар жағында да бақылауды қажет ететін әлем бар. Әлеуметтік желілер, онлайн ойындар, бейтаныс адамдармен байланыс, кибербуллинг, жеке мәліметтердің таралуы – бүгінгі балалар тап болатын жаңа қатерлер.
«Баланы интернеттен толық шектеу мәселені шешпейді. Керісінше, цифрлық сауаттылықты қалыптастырып, виртуалды кеңістікте өзін қалай қорғау керектігін үйрету маңызды. Бейтаныс адамдарға жеке ақпарат бермеу, күмәнді сілтемелерді ашпау, қорқыту мен бопсалауға тап болғанда үндемей қалмау керектігін түсіндіру қажет», – дейді ақпарат саласы маманы Дархан Әбдірақым.
ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСКЕ
ТҮРТКІ БОЛҒАН
Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігін, құқығын және әл-ауқатын қорғау – әлем елдерінің басым бағыттарының бірі. Бұл бағытта әр мемлекет өз заңнамасына заман талабына сай өзгерістер енгізіп, қатаң шаралар қабылдауда.
Халықаралық тәжірибе мен әлем елдеріндегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы негізгі тиімді тәсілдер бар.
Соңғы жылдары балаларды интернет пен әлеуметтік желілердің зияны, сондай-ақ кибербуллингтен қорғау үшін бірқатар елдер батыл қадамдарға барды
Австралия – 2025 жылдың соңында 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға толық тыйым салған әлемдегі алғашқы ел. Франция мен Дания мемлекеттері мектеп жасындағы балалардың психикасын қорғау және кибербуллингтің алдын алу мақсатында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қою немесе заң жобаларын қабылдау үстінде.
Алпауыт елдер Қытайда жасөспірімдерге арналған интернет уақытын шектейтін және цифрлық контентті қатаң бақылайтын бөлек орта болса, АҚШ-та балалардың онлайн құпиялылығын қорғауға бағытталған COPPA федералды заңы жұмыс істейді.
Әлемнің Швеция, Германия, Австрия, Испания сынды 50-ге тарта елінде балаларды тәрбиелеу мақсатында болса да физикалық жазалау: ұрып-соғу, тәніне зақым келтіруге заң жүзінде қатаң тыйым салынған. Мысалы, Германияда 16 жасқа толмаған балаларды қараусыз қалдыруға заңмен тыйым салынған. Ал бала құқығын бұзған ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бұл орайда Қазақстандағы балалар қауіпсіздігі заңнамасында да оң өзгерістер бар. Соңғы жылдары балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды заңнамалық түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылық, қатыгездік көрсeткені үшін жаза қатаңдатылды. Буллинг және кибербуллинг үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Балалардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіптердің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылданды. Бұдан өзге, әлемнің 196 мемлекеті балалардың өмір сүру, білім алу, қорғалу және өз пікірін білдіру құқықтарын кепілдендіретін БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялаған.
Түбегейлі өзгеріске түрткі болған өзгерістің бірі – балалар қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау бағытында соңғы жылдары ауқымды заңнамалық реформалар жүзеге асырылды. Әйелдерқұқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды заң аясында бірқатар қатаң нормалар мен өзгерістер күшіне енді.
Бала қауіпсіздігін күшейту мақсатында зорлық-зомбылыққа қарсы қатаң жазалар қабылданып, қылмыстық жауапкершіліктің күшейді.
Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған сексуалдық сипаттағы қылмыстар, сондай-ақ балаларға қатыгездік көрсету және ұрып-соғу әрекеттері үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды. Мұндай ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айырудың ең қатаң түрлері қарастырылған.
Балаларды буллинг немесе кибербуллинг арқылы өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу немесе жеткізу үшін арнайы қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Мектеп қабырғасындағы немесе онлайн кеңістіктегі буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік заң жүзінде бекітілді. Мектептерде дабыл түймелері, бейнебақылау камераларының полиция орталықтарына тікелей қосылуы және оқушылардың жасырын түрде көмек сұрауына арналған арнайы QR-кодтар мен мобильді қосымша платформалар енгізілді.
Оқушылардың мобильді құрылғыларды қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, оларды зиянды контенттен қорғау үшін ата-аналардың бақылауына мүмкіндік беретін арнайы тарифтік жоспарлар мен балаларға арналған SIM-карталар жүйесі қолданысқа қосылды.
Профилактикалық және институционалдық шараларЕлімізде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, өңірлерде бала құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдердің жұмысын күшейту және қиын жағдайдағы отбасылармен жұмыс істейтін ведомствоаралық мобильді топтардың қызметі жүйеленді.
2023 жылдың соңы – 2024 жылдың көктеміндегі Қуандық Бишімбаевтың ісі формальді түрде әйелдер құқығына қатысты болғанымен, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды қабылдауға түбегейлі серпін берді. Қоғамдағы кез келген зорлық-зомбылық, соның ішінде отбасыішілік қатыгездікке қарсы нөлдік төзімділік қалыптастыру талап етілді. Жалпы ел бойынша балаларға қатысты жасалған ауыр қылмыстар әлеуметтік желілерде қатты шу тудырып, халық педофилдер мен балаларға қарсы қылмыс жасағандарға берілетін жазаны өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдатуды талап еткен петициялар мен наразылықтарға ұласты.
Ресми мәліметтерге сәйкес, елде балаларға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың саны төмендеу тенденциясын көрсетуде. Халықаралық рейтинг Қазақстан балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау жөніндегі «KidsRights Index» жаһандық индексінде үздік 25 мемлекеттің қатарына енген. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді түрде бірнеше маңызды заң пакеттері мен түзетулер қабылданған. Бұл заңдардың ішінде ұрып-соғу мен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірудің қылмыстық кодекске қайта енгізілуі, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты мектеп басшылары мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігі күрт артқан. Бұл анықталған, заң аясында жүзеге асқан жұмыстар. Ал шынайы санды сараптау мүмкін емес.
Құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері алдын алу шараларын күшейтіп, жергілікті атқарушы органдар балаларға қолайлы әрі қауіпсіз инфрақұрылым қалыптастыруға жауапты.
Ең бастысы, балаға қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан сіңіру қажет. Өйткені қауіпсіздік ережесі – қабырғаға ілінген плакат немесе жылына бір рет өткізілетін шара емес, күнделікті өмір салты. Біз баланың амандығын тілеп қана қоймай, оның қауіпсіз өмір сүруіне қажетті жағдай жасауымыз керек. Әрбір ашық қалған құдық, қараусыз қалған су айдыны, жарықтандырылмаған көше, бақылаусыз қалған мектеп ауласы немесе баланың жанайқайына құлақ аспаған ересек – қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтың көрінісі. Баланың қауіпсіздігіне қатысты мәселе қайғылы оқиғадан кейін ғана көтерілмеуі керек. Өйткені алдын алуға болатын қауіптің салдарына жауап іздеу – кеш қалған әрекет. Қоғамның міндеті – балаға қауіп төнгенде ғана қорған болу емес, қауіптің туындауына жол бермейтін орта қалыптастыру.
Балалар тыныштығы мен қауіпсіздігі – тұтас бір қоғамның айнасы. Оларды қорғау тек бір отбасының немесе мектептің ғана міндеті деу қате ұғым. Бала қауіпсіздігі – есеп үшін өткізілген шаралардың емес, күн сайын сақталған өмірдің көрсеткіші. Өйткені жауапкершілілік пен саналылық, білім мен тәрбие егіз ұғым, ал олардың ұштасқан жерінде ғана мықты ұлт қалыптасады.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА












