Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бала Әйтекенің байламы

Бала Әйтекенің байламы

Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды: Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
-Ассалаумағалейкум, ағалар!- деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.
-Cәламат бол балам, мынау қай ауыл?
-Төртқара, Cейтқұл аулы.
-Өзің кімнің баласысың? -Бәйбектің баласымын.
-Атың кім? -Әйтеке. -Қосуақ бидің аулы қайсы?
-Анау қырдың астында, онда не шаруаларыңыз бар еді?-деп, сұрайды бала.
-Даулы болып келеміз,-дейді әлгі қарт жолаушы.
- Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып: -Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін құн, жабықта тепсе-жарты құн, түзде тепсе- төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын-дейді. Үш жолаушы қырдан асып, қосуақ бидің уйіне барады. Биге өздерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе-төрттің бірін алыңыздар-деп, әлгі құн даулап барғандарды риза етіпті. Сонда өлген баланың әкесі: -Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген Әйтеке деген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар-деген екен.
kazakh-tv.kz
07 қыркүйек 2018 ж. 4 785 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031