Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ жастары Якутияға жаппай ағылуда

Қазақ жастары Якутияға жаппай ағылуда

Тепсе темір үзетін қазақ жігіттері елде ақша таба алмай, соңғы кездері айдалаға жұмысқа ауып жатқан жайы бар. Қазақстанда 100 теңгеге таксис болудан шаршаған жастар Корея, Якутия және Шығыс Еуропаға қарай жұмыс іздеп кетуде.

Бәлен жерде бақыр бар деп белін бекем буып, түйіншегін түйіп тартып отырады ауыл-ауылдағы жастар. Қабырғасын қайыстырса да, қалтасын аздап болсын қалындататын қаржы 300 000  теңгеге жұмыс істеуге даяр қазақ жігіттері ауа-райы – 60 °C температурада жұмыс істеуге мәжбүр. Мәскеу арқылы Якутияға одан ары ұшақпен ары ұшып, автобуспен барар межеге жетеді. Ал бұл жұмысты тауып берген ортадағы адам әр адам басына 30 мың рубль делдалдық үшін алады. Қазақстанда реттелген бизнес, өзге елде паспорттарын күштеп алып қоймайтын көрінеді. Бұл жағдайға қарап отырып, өзге ала шапанды ағайынның жай-күйі мен жұмыс іздеп дала кезіп кеткеніне  күлуге де келмейтін сияқты. «Жерде аунап жатып, сүрінгенге күлген» деген қазақтың сөзі еріксіз есіңе түседі бұл жағдайдан.

Қазақ статистикалық агенттігінің дерегіне жүгінсек 29 жасқа дейінгі қазақ жастарының 32 пайызы яғни әрбір үшінші қазақ елінің үміті шетелге кетуге құмар.  Ал ең өкініштісі шетелге кетуші жастардың басым бөлігінің жасы 19 бен 23 аралығындағы тепсе темір үзер жастар екендігі алаңдатады. Жастарымыздың 23,7 пайызы Ресейге немесе жақын шетелдерге әсіресе ТМД елдеріне кетуге ұмтылады. Ал алыс шетелге шығып, сонда тұруға ықылас танытқандар қатары жастарымыздың 13,8 пайызына жетіп жығылған.

08 ақпан 2018 ж. 8 740 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 102

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930