Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарауылдыққа құмарлық қайдан шықты?

Қарауылдыққа құмарлық қайдан шықты?

Бүгінгі күні көпшілік үшін қарауыл болудан асқан беделді кәсіп жоқ. Неге десеңіз тепсе темір үзетін, аяқ-қолы балғадай, жоқ тоқпақтай атқа мінер азаматтардың бұдан басқа жұмысқа зауқы шамалы.
Жұмыссыз жүрген күндері арқасын кең керуетке салып, ауызынан ас арылтпаған «алпамыс» аяқты барынша жоғары көтеріп тастап қойып ақша табуға құмар. Ондайды кім жақсы көрмейді? Бірақ он екі мүшесі сау, санасында ақауы жоқ адам жетістікке, өзін-өзі дамытуға ұмтылуы керек емес пе? Оның үстіне еркек болғасын... Ал бәріміз осы мамандықты кәсіп қылып алсақ не болады? Бұл сұрақтың жауабын бүгінгі күннің өзі-ақ айтып тұр. Күзетшілік жұмыс тапқандар жанын жалқаулықтың астына салып беріп жатса, қолы жетпегендер ішерге ас таппай үйінде жатыр. Жылдың жылы маусымында жұмыс көп болатынынан хабардар болса да, саусақтың ұшымен жасалатын шаруадан басқасына барғысы келмейді.
Бар-жоғы екі жылдың көлемінде он мейрамхана ашып, табысқа кенеліп отыр­ған кәсіпкер азамат Қуаныш Шоңбай адам баласының іскерлігіне тікелей әсер ететін мына 5 мінезді айтады. Олар: комп­лекс, сенімсіздік, эго, қырсықтық, сасық кеуде. Қуаныш бұларды біріктіріп «адыраспан» деп ат қойыпты. Жоғарыда айтылған 5 нәрсе адамның берекесін адырас­пан секілді қуып шығатын көрінеді. Соңғы екеуі қырсықтық пен сасық кеуде айналысатын ісі жоқ жандардың қолына кісен болып отырғаны анық. Ауданда жоғарғы оқу орнын бітіріп келіп, бос орын жоқтығынан жұмыссыз жүргендер көп. Мамандығы жоқ бола тұра, ұсынылған жұмыстан бас тартатындар және бар. Бұл туралы аудандағы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұратбек Бекмамбетов айтып берді.
«Біздің мекемеге орда бұзар жігіттер ата-анасымен келеді. Келеді дағы жеңіл жұмыс сұрайды. «Балам жалғызым еді, күзетшілікке немесе операторлыққа ма, әйтеуір бір орында отырып істейтін жұмыс тауып бер, айналайын» дейді. Алыс-жақын аудан-қалалардан мезгілдік, тұрақты жұмыстарға бос орындар бізге жиі келеді. Ал сырт жаққа тұрғындар барғысы келмейді. «Мүмкіндік болса одан айына 30 мың теңге беретін жұмыс тауып бер» дейді. Бала-шағасы бар жігіт осындай әңгіме айтады. Қызметімізге жүгініп келгендерге бос орындар қараймыз. Егер мамандығына сай жұмыс табылмаса, қайта даярлау курсы бар. Оны оқымаймын десе, кәсіпкерлікке баулимыз. Бұған да зауқы соқпайтындарды қайтерсіз? Аудандағы жұмыссыздық деңгейін осы типтегі азаматтар көтеріп тұр», – дейді.
Отбасын асырай алмай, алтын балықты күтумен жүргендер тауып бер­ген жұмысты да менсінбейтін көрі­неді. Құрылысты айтса, белі жарамайды, көше тазалаушы бол десең, бетіне түкіріп кететіндей. «Кедейдің кербезінен» дегеннің кері. Олар үшін 25-40 мыңның арасында жалақы алатын, бір күн ұйықтап, екі күн демалатын күзетшілікке жетері жоқ сияқты. Ертеректе мұндай шаруаларды шалдар, соғыстан мүгедек болып келгендер немесе жарымжан адамдар атқарушы еді. Осы кісілер басқа іске белім жарамайды десе жарасар-ақ. Әскери киімді үстіне шырттитып киіп, борсықтай семіріп алған, аяғын екі жағына кере басып жүру, бастық болғаннан да тамаша ма дерсің. Бірақ, бұлай кербез жүру де әркімнің басына бұйырмаған «бақ» болып тұр. «Не жатыс десең, жұмыс күтіп жүрмін» дейді. «Есектің артын жусаң да, мал тап» дейді қазақ. «Құдай жатқанға берсін» дейтін де біз. Бірақ, Отанға қызмет еткен былай тұрсын, отбасын асырауды ойламайтын еркектерден не сұрайсыз? Оның қасында үйдің шаруасын ұршықтай иіріп, балаларына нан тауып беріп жүрген әйелдердің алдында еріксіз басыңды иесің. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына келіп тіркеліп, оқып, кәсіп бастап жүргендердің де дені нәзік жандылар екен.
Елімізге сапарлата келген ұйғыр азаматы тәуелсіздігіміз бен дамудың даңғыл жолына түскенімізді көріп: «Менің де осындай азат елім болса, көше сыпырушы болып бақытты ғұмыр кешер ем», – деген екен. Осыған қарап кейде «барымызды бағалай алмай жүрміз бе? – деген ой келеді. Арман-мақсатымыздың шоқтығы биік болсын. Алла азаттығымыздан айырмасын!
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

04 маусым 2018 ж. 1 275 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930