Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық қабылдау өткізді

Қоғамдық қабылдау өткізді

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ғимаратында аудандық мәслихат депутаты, «Қазалы-Жолаушы» ЖШС директоры Бекқали Бекбаулов жоспарға сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін алға тартты. Атап айтсақ, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі №91 үй, 3 пәтер тұрғыны, көп балалы, жалғызбасты ана Нұрғали Лаура Төлеуқызы жеті баланың анасы, қазіргі таңда жұмыссыз, 9 айлық баласының сырқаттығына байланысты бала күтімімен үйде отырғанын, олардың бесеуі мектеп оқушылары екенін, өздері жалдамалы пәтерде тұратынын, ешқандай кіріс кірмейтінін, «Болашақ» колледжінде ақылы бөлімде оқитын қызының оқу ақысын төлей алмай отырғанын, науқас баласын емдетуге дәрі-дәрмек алуға қаражатының жоқтығын айтып көмек сұрады.
Айтылған өтінішке назар аударған халық қалаулысы Бекқали Бекбаулов жалғызбасты анаға қаржылай көмек көрсетті.
«Өзім көп балалы, жалғызбастымын. Тұрмыстың тауқыметі жаныма батқасын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына көмек сұрап келдім. Бұған дейінде осында келіп көмек алғанмын. Менің жағдайымды ескеріп, көмек көрсетіп отырған ел ағаларына алғысым шексіз», -дейді Лаура Төлеуқызы.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
27 сәуір 2018 ж. 1 907 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930