Атамның әңгімесі
Атам мені жанына шақырып алып,сен келешек журналистсің бұл мамандық қызыққада,шыжыққада толы мамандық.Қазіргі кезеңде осы журналисттер өте сауатты саясаттада жоғары белсенді.Сондықтан соған бір әңгіме айтып берейін,мүмкін сол бір мен үшін үлгі тұтар ағаға қойған ескерткішім болсын. Жаңылмасам 1984-ші жылы жаз айы өте ыстық болды.Ол кезде менде,әжеңде жаспыз сол 34-35 жастағы кезіміз.Сол жазғы ыстықта күнделікті тұтынатын азық-түлік ыстыққа шыдамай жарамсыз болып қалатын.Бәрінен әжеңе қиын болды,не істерін білмей қатты састы.Оны көрген мен әжеңе айтқаным «ертеңге дейін шыда аманшылық болса несиеге бір тоңазытқыш аламын» дедім.Содан ертесіне азанда жұмыс орныма конторға барып,шаберден бір күнге сұранып несиеге тоңазытқыш алуға құжат дайындауға кірістім.Мекеме есепшілеріне жағдайды түсіндіріп солардың көмегіне жүгіндім.Оларда өз жұмыстарының арасында менің құжаттарымды дайындап,сол күні түстен кейін сағат 3-тер шамасында қолыма беріп жөн сілтеді.Осы құжатыңды ПОСПО-ға барып бастығына қол қойдырып сол мекемеге қарайтын дүкендерден керек затыңды ала аласың деді. Құжатымды алып ПОСПО конторына бардым,бастықтың бар жоғын сұрадым «Иә ағай орнында,кіре беріңіз» деді.Мен бастықтың кабинетінің есігін қағып ішке кірдім, сонау төрде есікке қарама-қарсы бетте үлкен емес столдың ар жағында еңсегей бойлы,көзінің қарасынан ағы үлкен,қара сұр түсі суықтай кісі отыр екен.Есіктен кірген мені көріп «кел інішек,жай жүрсің бе?қандай шаруамен келдің?қандай көмек керек?» деп бастырмалата сұрақ қойды.Менде бойымды тіктеп алып,келген шаруамды айтып құжаттарымды ұсындым.Ол кісі менің құжаттарымды мұқият қарап «иә інім,бәрі дұрыс екен» деп менің бетіме біраз қарап тұрып, «несиеге зат алушылар көп,алуын алып алып аладыда несиесін төлеуге келгенде қашып ұстатпай жүргендер бар,кешелі бүгін сондай біреумен соттасып жатырмыз.Сенің түріңе қарасам ондайларға ұқсамайтын сияқтысың,бір сөзді жігіт боларсың» деді.Сосын ол кісіге қарап «мен жалақымнан ұстап сізге аударып отырамын аға оған қам жемеңіз» дедім.Құжаттарыма қол қойып,орнынан тұрып қолымды қысып тұрып «құтты болсын,рахатыңа,игілігіңе тұтын деп құжаттарымды қолыма беріп тұрып,осы құжаттарды ПОСПОның кез-келген дүкенінен ала аласың керек затыңды» деді жылы жымиып. Осынау үлкен кісінің батасын алып,қуанышым қойныма сыймай орталық базарға қалай жеткенімді білмей қалыппын.Базар ішіндегі «жиһаздар» деген дүкенге кірдім,ішін бір шолып шықтым.Көзіме көрінген жалғыз бір тоңазытқыш тұр екен,басқа жоқ.Қасына барып қарап шықтым,сыртқы қаптамасы сол күйі тұр екен.Мен дереу сатушы қызға мән жайды айтып,құжаттарымды ұсындым.Ол мұқият қарап шығып «аға бәрі дұрыс,өзіңіз көріп тұрсыз осы тоңазытқыштан басқасын халық алып кетті,тек осы ғана қалып тұр.Егер бұдан үлкені керек болса,онда ертең түстен кейін келіп алсаңыз болады,қоймадан алдыртамыз» деді.Мен жоқ осы болады,тәуекел осыны алайын дедім.Бұйырысыма сондай тоңазытқыш екен.Содан базар сыртына шығып,көлік іздедім,көшеде көп көлік жоқ,бір УАЗ тұр екен,жанына барсам жүргізушісіде бар екен.Шаруамды айтып едім келісе кетті.Көлікті ішке кіргізіп дүкеннен тоңазытқышты алып шығып көлікке салдық.Сонда сатушы қыз «аға құтты болсын,рахатыңызға пайдаланыңыз» деп ақ тілек айтты.Содан зуылдап үйгеде жеттік.Бәріненде балалардың қуанғанын айтсаңшы, «ура енді мороженое жейміз» деп қуанып қояды.Жүргізуші көмектесіп затымызды үйге кіргізіп алдық.Жүргізушіге алғысымды айтып ақша ұсынып едім алмады,жоқ қажет емес тоңазытқышың құтты болсын деп ниет қылды. Содан жабылып сыртқы қаптамасын алып,өзіміз қалаған жерге қойдық.Нұсқаулығын оқып сонда көрсетілген нұсқауды орындаған болдық.Содан біссімілә деп қуат көзіне қосып едік,әп-әдемі жұмыс істеп кетті.Әжең ішін бір сүртіп шығып,азық-түліктерін қоя бастады.Міне өзің күнде көріп жүрген бұл тоңазытқышқада 40жыл болыпты Жарықтық ай әжең үнемі таза ұстайтын.Бұл тоңазытқыш сол ПОСПОның сол кездегі басшысы Айниет Әсербаев ағамыздың батасын алған мүлік. Бұның бір қызығы сол қазіргі орнынан басқа орынға қойсақ істемей қалады.Ал қайта өз орнына қойсақ істеп кетеді.40жылда бір ретте сыр бермепті.Бұндай тоңазытқыштар бізден басқа кімдерде бар екен.Әй жоқта шығар. Міне менің айтайын дегенім,жақсының жақсылығын айт нұрын тасысын деген сөз бар қазақта.Мен ойлаймын сол кездегі Айниет ағамыздың кіршіксіз таза ақ ниетпен берген батасынан болар осы тоңазытқыштың ұзық жұмыс істеуі.Айниет ағаның сол кездегі қолымнан ұстап,жылы жымиып айтқан батасы әлі күнге көз алдымда.Қазір ол кісі жоқ.Жатқан жері жайлы,иманды болсын асыл аға. Мен осымен әңгімемді аяқтаймын.Мен жай қарапайым жұмысшы болсамда,осы ауданға белгілі бір тұлғалардың алдын көрген адаммын,тіпті дастарханынан дәм татқан ағаларда болды.Олар жөнінде кейінірек айтып берермін.
Айлуна Жаңабергенова
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университетінің
2-курс студенті
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университетінің
2-курс студенті