Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Базар бағасы бақылауда

Базар бағасы бақылауда

Бүгінгі күні базар бағасына шағымданатындар көп. Орынды. Өйткені базар сөрелеріндегі азық-түлік құны көңілге қонымсыз. Бір орыннан екінші жердегі баға екі түрлі. Мұны арнайы барып та көрдік. Артынша көрген түйгенімізбен «Бағаға тоқтам бола ма?» деп арнайы мақала дайындап, газет бетіне жарияладық.
Жуырда негізсіз баға өсіруге жол бермеу үшін аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, аудандық мәслихат депутаты Ғазиз Әліш және аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай аудан орталығындағы бірқатар сауда орындарында болды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағалары мен олардың қорларын көзбен көріп, танысып шықты.
Сауда орындарын аралау барысында халық күнделікті көп тұтынатын негізгі өнім түрлері қорының үзілмеуіне аса мән беріліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде бірінші қажеттіліктегі нан, сүт өнімдерінің бағасын шекті бағадан асырмау жөнінде кәсіп иелеріне ескертілді.
Негізі аудан тұрғындары азық-түлік тауарларының қорына күмәнданбаса болады. Барлығы жеткілікті. Бірақ сырттан тасымалданатын кей өнім түрлері бойынша, ол жақтағы өндірушілер мен көтерме өткізушілер тарапынан бағалардың құбылып тұрғаны белгілі болды. Дегенмен бұдан кейін бағаның негізсіз өспеуі басты назарда болады.

Абзал БАҚЫТҰЛЫ
26 шілде 2022 ж. 707 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 178

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930