Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өлінің астынан өту

Өлінің астынан өту

Мен бір басымнан өткен жағдайды сіздермен бөліскім келеді. 21 жасымда тұрмыска шықтым. 5 жыл көтере алмай катты қиналдым. Жолдасым екеуміз бармаған жер, баспаған тауымыз калмады. Емнің түр-түрін кабылдадык. "Мүлде балалы бола алмайсыңдар" деп ешкім айтпайды, толық диагноз ешкім коя алмады.
Солай қиналып, жылап жүргенімізде, менің нағашы атам қатты ауырып қайтыс болды. Біз де бардық. Адам көп, абыр-сабыр арасында анам "Сені молда күтіп отыр" деп сыбырлады. Сол сәтте біз отырған бөлмеге молдекең басын сұғып: "Қызыңыз келді ма?"- деді, анама карап. Анам көзімен мені көрсетті.
"Дайындалсын" деді де, шығып кетті. Сөйтсем мені атамның астынан өткізбекші екен (Жүкті бола алмай жүрген келіншектерді, қайтыс болған жақындарының астынан өткізетін ырым бар екен). Содан бәріміз қатарда тұрдық, атамды ағаларым соңғы сапарға алып шықты, ер кісілер жаназа намазына тұрды. Осы уақытта молдекең мені шақырып, табыттың астынан үш рет ары-бері өткізді. Соңғы өткенімде аркаңа қарамастан кет деп ескертті. Солай жасадым. Ағаларым табытты көтеріп тұрды. Соңғы өткенімде айналам, маңдайым жап-жарық болып кетті. Бұлтты күні кенеттен күн шыққандай сезім болды. Бұл жағдайдан соң, мен онша елеместен жүре бердім.
Екі айдан соң жүкті екенімді біліп, қуанышымызда шек болмады. Жүктілігім жеңіл өтті. Бір қызығы, жүкті кезімде атамды түсімде жиі көретін болдым, маған еш зияны жоқ. Тек қасымда жүреді немесе бір нәрселер түсіндіріп, біреулермен таныстырып жүреді. Менде еш қорқыныш болмады. Атамның басына ризалығымызды білдіріп, көк тасын біз қойдық. Ағаларым көк тасын қойған күні 8 айлық, жетілген қызымды босандым. Толғағым 45 минутка ғана созылды. Тек қызымның салмағы сәл аз болды (2,500 келі). Қызымды 40 күннен асырып қырқынан шығардық, сол күні түсіме атам кірді. Біз жатқан бөлменің терезесінен қарап маған "жақсы, мен кеттім" деп қолын бұлғап, жымиып күлді де кетіп қалды. Мен шыр-пырым шығып, сізді сағындым деп есікті ашуға ұмтылып жатып оянып кеттім. Содан соң атам түсіме кірмей кетті. Қызымның артынан ұлды болдым, Аллаға мың шүкір! Қазір ойлап отырып осы бір тылсым дүниені әлі түсіне алмаймын. Бәріде бір Аллаға аян! Мүмкін мен сияқты қиналып жүргендерге көмегі тиер...
19 ақпан 2018 ж. 3 436 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 84

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 144

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031