«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды
Бұл байқау – жылдар бойы қалыптасқан ізгі дәстүрге айналған, отбасылық құндылықтарды насихаттап, елге үлгі болар жанұяларды қолдауға бағытталған жоба.
Байқаудың мәні неде?
«Мерейлі отбасы» – еңбекқорлықты, үлкенге құрметті, Отанға сүйіспеншілікті және білімге құштарлықты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан отбасыларды анықтайды. Бұл – өзара түсіністік пен сыйластық салтанат құрған мықты отбасылар туралы байқау.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім келесі құжаттармен бірге аудандық комиссияға 15 мамырдан бастап қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1.ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2.асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3.неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4.ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5.балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6.заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7.отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8.қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық комиссияның төрағасы куәландырады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін өтінімдер Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхаммедұлы көшесі 130, Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінде қабылданады.
Толық ақпарат алу үшін 79-2-80, (6921, 6924). Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 14 маусым.














