Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыста тоңазытқышты пайдаланбайтын болсаңыз, мынаны ескеріңіз

Қыста тоңазытқышты пайдаланбайтын болсаңыз, мынаны ескеріңіз

Тоңазытқыш ұзақ әрі сапалы қызмет етуі үшін...

Тоңазытқыш – адам денсаулығына маңызды азық-түліктің бұзылмай сақталуы үшін пайдаланылатын, электр қуатымен жұмыс істейтін құрылғы екенін барлығымыз жақсы білеміз. Ал қазіргі үйлерді тоңазытқышсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен салқын түсіп, қысқы мезгілге ауысқан шақта күннің ыстығында кейбіріміз талай керегімізге жараған тоңазытқышты көктемге дейін уақытша өшіріп қойып немесе орын болмай балконға, жылуы жоқ бос бөлмелерге қойып жатамыз. Бірақ, бұлай жасауға бола ма? "Кейбір жағдайларға байланысты тоңазытқышты уақытша пайдаланбайтын болғанда не істеу керек? Кейін керек кезінде қосқаннан кейін дәл бұрынғысынша жұмыс жасай бере ме?"деген сансыз сұрақтар алаңдатып қоятыны белгілі. Сондықтан кішігірім бола да маңызы бар осы сұрақтардың жауаптарын қарастырып көрелік.

Ең алдымен тоңазытқыштың нұсқаулығымен толықтай танысып шығыңыз. Себебі нұсқаулықта құрылғыны өшіріп, қандай температурада сақтау керектігі жөнінде жазба болады;


Егер нұсқаулықта мұндай ештеңе жазылмаса, онда тоңазытқышты бөлме температурасы 5 градус жылылыққа түскен уақытта тоқтан ажыратқаныңыз жөн. Ал бұдан төмен салқындықта тоққа қосулы қалса тоңазытқыш тез бұзылады;


Тоңазытқыштың ішіндегі барлық азық-түлікті толығымен сыртқа шығарып, ішіндегі мұзды ерітіп алу керек. Содан кейін Ішін тазартып, сүртіп, кептіріп аламыз;

Лажы болса күн көзі, жаңбыр мен қар тікелей түспейтін жерге қойыңыз;


Тоңазытқышты салқын жерге шығарған соң, матамен әрі толықтай жапқан жөн;


Қыстап шығатын орынға қойғаннан кейін тоңазытқышты қозғауға, есігін қайта-қайта аша беруге болмайды. Бұдан есіктеріндегі резеңкелер бүлінеді;

Осы қарапайым әдістерді қолдану арқылы күн ыстықта азық-түлік сақтау үшін өзіңізге ұзақ еңбек етуін қамтамасыз етіп, жайлы қыстап шығуына жағдай жасайсыз. Егер қажет болып тоңазытқышты қосу керек болса, алдымен тоққа қоспай тұрып бөлме температурасында кем дегенде екі сағатқа, лажы болса бір тәулікке қалдырыңыз. Толығымен кепкеннен кейін ғана тоқ көзіне қосыңыз. Ескеретін жайт, жоғарыдағы қарапайым кеңестерді жасай отырып, тоңазытқышты қыста салқын жерге шығарып қоюға болады, дегенмен бұл оның қызмет ету уақытын азайтады.
ernur.kz



06 желтоқсан 2018 ж. 835 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031