Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалім оқушыға оқу процесі кезінде ғана жауап береді: депутаттар бірқатар өзгерісті қарады

Мұғалім оқушыға оқу процесі кезінде ғана жауап береді: депутаттар бірқатар өзгерісті қарады

Мұғалім оқушыға оқу процесі кезінде ғана жауап береді: депутаттар бірқатар өзгерісті қарадыФото: depositphotos.com
Мәжіліс педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқығын қорғауға қатысты заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жаңа түзетулерге сәйкес енді мұғалімдер оқушыларға тек оқу процесі кезінде жауап береді. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты ата-аналардың жауапкершілігі күшейтілді.
Заң бойынша педагогтерге есепті бір уақытта қағаз және электрон форматта жүргізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, мектепте ұялы телефон қолданудың бірыңғай тәртібі енгізіліп, оқушыларды ғылыми жұмыстарға тарту үшін қосымша шаралар қарастырылды.
Құжатта Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мәселесі де қамтылған. Олар мемлекеттік білім стандарттарының талаптары сақталған жағдайда ғана жұмыс істей алады.
Сонымен қатар, медициналық білім беру жүйесіне өзгерістер енгізу ұсынылды. Жаңа модель бойынша студенттер 6 жыл университетте оқып, 1 жыл толық интернатурадан өтеді. Оқуын аяқтаған түлектерге медициналық қызметпен айналысуға мүмкіндік беріледі.

13 мамыр 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031