Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "461 486 теңге": Қазақстандағы орташа жалақы белгілі болды

"461 486 теңге": Қазақстандағы орташа жалақы белгілі болды

"461 486 теңге": Қазақстандағы орташа жалақы белгілі болды
 Сурет: Pixabay
Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында - 659 801 теңге, Ұлытау облысында - 655 995 теңге.
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа айлық жалақы мөлшері туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
2026 жылдың I тоқсанында Қазақстан бойынша орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңге болды. Былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда орташа жалақы 9,1 пайызға өсті, бірақ инфляцияны ескергенде 2,3 пайызға төмендеді.
Өңірлік бөліністе орташа айлық атаулы жалақының ең жоғары өсімі Абай облысында – 14,2 пайыз (405 425 теңге), Павлодар облысында – 12,4 пайыз (448 906 теңге), Жетісу облысында – 12,2 пайыз (346 199 теңге), Алматы облысында – 10,9 пайыз (376 012 теңге) және Алматы қаласында – 10,7 пайыз (574 162 теңге) тіркелді.
Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында - 659 801 теңге, Ұлытау облысында - 655 995 теңге, сондай-ақ Атырау облысында (652 950) байқалды.
Орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығында – 20,3 пайыз, қаржы және сақтандыру қызметінде – 18,1 пайыз, сумен жабдықтауда – 16,5 пайыз, электр энергиясы, газ, бу, ыстық сумен жабдықтауда – 14,7 пайыз, көлік және қоймалауда – 12,9 пайыз және өнеркәсіпте – 11,6 пайыз, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 7 пайыз және білім беру саласында – 4,2 пайыз деңгейінде тіркелген.
2026 жылдың I тоқсанындағы жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 331 527 теңге болған.
13 мамыр 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031