Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан бойынша 14–16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 14–16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық құрылым әсер етеді.
Фото: iStock
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, сондай-ақ күндізгі ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін жоғарылайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Республиканың қалған бөлігінде суық антициклон өз әсерін сақтайды. Түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1–6 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал күндіз бұлттылықтың аз болуына байланысты ауа температурасы +12…+28 градустан +20…+30 градусқа дейін көтеріледі.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
13 мамыр 2026 ж. 220 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31