Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда блогерлердің сайлау кезіндегі жасырын үгітіне жаза қарастырылады

Қазақстанда блогерлердің сайлау кезіндегі жасырын үгітіне жаза қарастырылады

Фото: ChatGpt арқылы жасалды
Мәжіліс сайлау процесін жетілдіруге қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда қарады. Құжатта блогерлерге қатысты жауапкершілік те қарастырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс депутаты Никита Шаталов блогерлерге қатысты мысал келтірді.
“Үміткер немесе партия өз логотипі бар кепка секілді үгіттік заттар таратады. Сол заттардың бірі көп оқырманы бар блогерге тиіп, ол оны видеода не жазбаларында жиі көрсетіп, кандидат немесе партияны ашық қолдап жүреді. Бірақ блогерге бұл үшін ақша төленбеген және тараптар арасында ешқандай ресми келісім жоқ. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы блогердің әрекетін қалай бағалайды? Жеке немесе жасырын үгіт ретінде ме, әлде шығындар мен есептілікте көрсетілуі тиіс сайлау науқанының элементі ретінде ме?” – деді Шаталов.
Орталық сайлау комиссия хатшысы Шавкат Өтемісов егер блогер үміткермен немесе партиямен келісімшарт жасамаса, оның әрекеті жасырын үгіт ретінде бағалануы мүмкін екенін айтты.
“Егер жазбаша келісім болмаса, онда бұл жасырын үгіт болып есептеледі. Ол үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 118-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi) бойынша жауапкершілік қарастырылған”, – деді Өтемісов.
Сонымен қатар ол блогердің басқа кандидаттар мен партияларды да парақшасында жарнамалауы оның бұған дейін біреумен ақылы келісім арқылы жұмыс істегеніне байланысты екенін айтты.
“Егер блогер бұған дейін бір кандидат немесе партияны ақылы түрде жарнамалаған болса, онда ол басқа кандидаттарға да сондай мүмкіндік беруі керек. Ал ешқандай ақы төленбесе, мұндай міндет болмайды”, – деді Өтемісов.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік желілер мен интернеттегі заңсыз үгіт-насихат үшін айыппұл енгізілетіні туралы жазған едік.


13 мамыр 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031