Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қасиетті орын, мәдени мұра

Қасиетті орын, мәдени мұра

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасау қолға алынған болатын. Белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, аймақтардағы жергілікті өлкетанушылардың ұсынысы бойынша Қазақстанның 100 қасиетті орындары мен кешендерінің тізімі анықталды.
«Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендеріне» ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұралар, зайырлы және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сонымен қатар, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар жатқызылды.
Еліміздегі барлық қасиетті нысандар "Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері", "Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар", "Діни және ғұрыптық орындар", "Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар", "Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар" болып бес топқа жіктелді.
Олардың қатарында Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. XIX-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтарының өктемдігі мен Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы шыққан халық батыры Жанқожа Нұрмахаммедұлының кесенесі де бар.
Қазақ даласында қазақ халқының бірлігі үшін болған шайқастарда, ерлікті, батырлықты, қайсарлықты көрсеткен, батыр әрі ержүрек қолбасшы Жанқожа бабаға арналған кесене Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен батысқа қарай 4 шақырымда орналасқан. Батыр кесенесі 1992 жылы халық батыры және көріпкел әулие Жанқожа Нұрмұхамедұлының құрметіне арналып қойылған. Кесене құрылысын салуға мекемелер мен кәсіпорындар, мыңдаған жекелеген азаматтар қаржылай көмек көрсеткен. Ескерткіштің іргетасына бетон блоктары төселіп, қабырғалары күйдірілген кірпішпен қаланған.
Арада қаншама уақыт өтсе де кесене келбеті көріктілігімен көз тартады. Бүгінде Қазалыға келген қонақтар мен аудан тұрғындары онда барып ниет етіп, баба рухына құран бағыштайды. Іргелі іс бастар кезде де ел азаматтары кесенеге бас сұғып, баба рухы желеп-жеберп жүргей деп дұға етеді. Отау құрып, жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлар да баба басына барып, бата тілейді.
Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығында орналасқан Жанқожа баба кесенесі маңынан аялдамалар, автожол бойынан көліктердің жылдамдығын тежейтін жол кедергілері орнатылып, кесенеге барар жаяу жүргіншілер жолы салынған.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
09 желтоқсан 2022 ж. 584 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 55

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 83

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031