Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сығанақ қалашығының орталық бөлігі қалпына келтіріледі

Сығанақ қалашығының орталық бөлігі қалпына келтіріледі

Орта ғасырлық Сығанақ шаһарының аумағы толықтай қоршалды. Оған қоса Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Сығанақ қалашығының солтүстік-шығыс қақпасын және орталық көшесін қалпына келтіру шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ерте кездегі тарихшылар Сығанақты «Қыпшақ даласының гаваны» деп атаған. Жошы ұрпақтары кезінде Сығанақ Ақ Орданың орталығы болып, онда теңге соғылған. Қазақ хандығы тұсында негізгі саяси, экономикалық орталықтардың бірі саналды. « Сыр өңірінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Облыс көлеміндегі 12 ескерткіш 2017 жылдың нәтижесімен жарыққа шыққан «Жалпыұлттық қасиетті нысандар», 35 нысан «Өңірлік қасиетті нысандар» кітаптарына енгізілді. Сондай-ақ, ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Қышқала, Сортөбе Бәбіш мола, қалашықтарына археологиялық зерттеулер жүргізілуде», - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов. Өңірлік қасиетті нысандардың тізбесіне енгізілген Сырдария ауданындағы Қалжан ахун мешіт-медресесін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда орталық «Қорқыт Ата кітабы және Сыр бойында туған оғыз-қыпшақ эпостары» және «Сыр бойының мәдени құндылықтары: ел аңыздары мен салт-дәстүр үлгілері» атты тарихи-танымдық жинақтарды баспаға әзірленуде. Алдағы уақытта «Науаи және Абай шығармашылығы: түркілік және жалпыадамзаттық рухани құндылықтар концепциясы» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өткізіледі деп жоспарланып отыр.
inform.kz
16 тамыз 2018 ж. 2 105 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды