Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кіші жүздің құрамына кіретін рулар туралы не білеміз?

Кіші жүздің құрамына кіретін рулар туралы не білеміз?

Кіші жүз – Қазақстанның Батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді. Ноғай Ордасынан бөлініп шыққан алшын одағының негізінде құрылғандықтан ел арасында “Кіші жүз – алшын” атанып кеткен деп хабарлайды tumalas.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Кіші жүз құрамына:
12 ата Байұлы (Адай, Алаша, Алтын, Байбақты, Беріш, Есентемір, Жаппас, Қызылқұрт, Масқар, Таз, Тана, Шеркеш, Ысық)
6 ата Әлімұлы (Кете, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Шекті, Шөмекей)
7 ата жетіру (Жағалбайлы, Кердері, Керейіт, Рамадан, Табын, Тама, Телеу)
Кіші жүз құрамына енген тайпалар мен рулар 15-ғасырдың екінші жартысы мен 20-ғасырдың басында, негізінен, Қазақстанның батыс өңірін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі дүрбелеңді оқиғалар, қоғамдық сілкіністер салдарынан жекелеген рулар мен аталар Орта жүз бен Ұлы жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шет елге (Иран, Ауғанстан, т.б.) көшіп барып қоныстанды.
Адай
Қазақтың ең рі руларының бірі. Патша үкіметінің, кейін Кеңес үкіметінің "Жаппай адайлықтарды жою" саясатынан адайлар күрт азайды. Адайлардың орыс үкіметін мойындамауы: адайларды мыңдаған орыс-казак әскерлерімен соғысуға алып келді. Адайлар ежелден Каспий теңізінің шығысынан, Арал теңізінің батыс, оңтүстігін, Мұғалжар, солтүстік Балқанға дейін, Ойыл өзені мен Мойнақ шөлі жерлерінде өмір сүрген. М.Тынышбаевтың 1925 жылғы еңбектерінде Адайлардың саны 80-90 мың деп көрсетілген.
Алаша
Көне рулардың бірі. Ұраны- Байбарақ. Таңбасы- айбалта. Алашаның бір тобы Жайықтың орта шені мен Тұздыкөл, Қоскөл, Итмұрын көлдерінің төңірегін мекендейді. Енді бір тобы Жайықтың оң жағын ала, Қамыссамар көлінің төңірегін, Кіші өзеннің бас жағынан Нарын құмға дейін қоныстайды. М. Тынышбаевтың деректерінде шамамен 45 мың жан деп көрсетілген.
Байбақты
Шежіре бойынша Байұлынан таратылады. 1801-ші жылы құрылған Бөкей Ордасына (барлығы 16025 жан) көшіп келген. Ертеде Еділ мен Жайық өзендері аралығын қоныстанған. Сондай-ақ, Ресейдің кейбір облыстарында да ұшырасады. ХХ ғасыр басында Байбақтылардың саны 40 мың болған.
Беріш
Тарихи деректер бойынша 10 — 11 ғасырлар аралығында Беріштер Батыс тарапқа үнемі жылжи отырып, Днепр аумағына барғаны аңғарылады. Днепрдегі Беріш ордасы 1245 — 1300 ж. Алтын Орданың Ноғай ұлысы құрамында болды. 1300 ж. Ноғай өлгеннен кейін Алтын Орда шеттей бастаған оның жұрты ханның жарлығымен Еділ-Жайық арасына көшірілді
Жаппас
Кіші жүздегі ірі рулардың бірі. Бірақ қарай, бұл ру туралы ерте кездегі деректер жоқтың қасы. М.Тынышбаевтің қазақ халқының тарихына қатысты еңбегінде жаппас рунының саны 50 мың дер көрсетілген. Жаппас руы әр аймаққа бытырай қоныстанған. Ертеректе олар Торғай облысының әр түрлі уездерінде, Бөкей ордасының, Сырдария және Орал облыстарының аумағында мекендеді.
Шекті
Кіші жүздің әлімұлы бірлестігіне кіреді. Шектінің өзі беске бөлінеді. 20 ғасырдың басында шектіге кіретін құрамдас рулар Орал, Торғай, Сырдария облысының Қазалы уездерін, Хиуа хандығына дейінгі аралықта мекендеді. 1971 жылға дейін шектілердің саны 60-80 мың болды.
Шөмекей
20 ғасырдың басында Шөмекейлер Қазалы уезі, Сырдың төменгі сағасын, Перовск уезінің солтүстік-шығыс жағын, Ырғыз және Ақтөбе уездерінің шығысын мекендеген. Көне деректер бойынша VIII ға¬сырда (742-744 ж.ж.) ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен әскерінен жеңілген шөмекейлер батысқа жылжыған. 1917 жылға дейінгі саны шамамен 100 мыңнан асқан.
Төртқара
Төртқаралар негізінен еліміздің Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Қарақалпақстанда тұрады. Қазан төңкерісіне дейінгі саны 50-60 мөлшерінде болған.
Жағалбайлы
Аталған ел , «Қыз Жібек» эпосының бас кейіпкері Төлеген батырдың тарихы арқылы таныс. Дегенмен Жағалбайлының шыққан тегі жөнінде ғалымдар түрлі жорамалдар айтады. 1917 жылға дейін Жағалбайлының саны 70 мыңға жуықтаған.
Тама
Кіші жүздің бірлестігіне кіреді. Негізгі жері Ақтөбе, Орал облыстары, Ресейдің Орынбор облысы. Орыс деректерінде тама руы туралы алғаш рет 1748 және 1762 жылдары айтылады. Әбіш Кекілбаевтың зерттеуінше шығыстан келіп, Жетісуға қоныстанған Тама мен Табын Үйсіндердің құрамына еніп, Қарахан хандығын құруға атсалысқан. Қазан төңкерісіне дейін тамалардың саны 80 мыңнан асқан.
NUR.KZ.
11 мамыр 2018 ж. 4 454 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930