Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тарифтердің негізділігі мен тұтынушылар құқығы бақылауда

Қызылордада тарифтердің негізділігі мен тұтынушылар құқығы бақылауда

Тарифтердің негізділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау - мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі. Осы бағытта өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданған шешімдер туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Алмат Абдрайхан баяндады.
Спикердің айтуынша, қазіргі таңда департамент 53 реттелетін қызмет түрі бойынша 33 табиғи монополия субъектісінің қызметін қадағалауда. Сонымен қатар, электр энергиясы мен газбен жабдықтау саласындағы 3 қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне қатысты баға белгілеу функциялары жүзеге асырылуда.
-Есепті кезеңде 11 табиғи монополия субъектісіне тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілді. Атап айтқанда, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру, жылумен жабдықтау, электр энергиясын беру, тауарлық газ тасымалдау және кірме теміржол жолдары қызметтері бойынша тарифтік шешімдер қабылданды.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында 2024 жылғы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдау нәтижесінде 5 субъект бойынша уақытша өтемдік тарифтер енгізілді. Соның нәтижесінде тұтынушыларға қаражат қайтару тетігі қарастырылды.Бақылау бағытында 9 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, бір жағдайда заң бұзушылық анықталды. Сондай-ақ 11 әкімшілік іс қозғалып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.Жыл басынан бері департаментке жеке және заңды тұлғалардан 76 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер заңнама талаптарына сәйкес қаралды.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету аясында 6 өтініш түсіп, оның 3-і қанағаттандырылып, 3-і бойынша бас тарту туралы шешім қабылданды.Жалпы алғанда, департамент тарапынан табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін тиімді реттеу, тарифтердің негізділігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда, - деді Алмат Аблайханұлы
15 маусым 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930