Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауқымы кең ауыл мәдениеті

Ауқымы кең ауыл мәдениеті

Руханият халықтың жаны, мәдениет ұлттың келбеті. Қай заманда болмасын, ауыл өмірінің өзегін жаңғыртып, жас ұрпақты өнер нәрімен сусындатып отырған мәдениет ошақтарының орны бөлек. Оның ішінде Абай ауылдық клубы бүгінде ауылдың тыныс-тіршілігін жандандырып, талантты жастардың қанат қағар ордасына, игі істердің бастамашысына айналған берекелі мекемелердің бірі.

Жалпы елде мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның бір дәлелі – мәдениет нысандары жоқ елді мекендерде ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың құрылысы мен күрделі жөндеулері жүргізіліп жатқаны.
Нәтижесінде типтік үлгідегі мәдениет үйлері мен клубтардың саны біршама артуда. Өңірдегі елді мекендерде клуб қызметкерлерінің бойында өз істеріне деген үлкен жауапкершілік пен шығармашылық құлшыныстары жоғары. Өңірде жалпы мемлекеттік клуб жүйелерінің әдістемелік-тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырып, халық шығармашылығының дамуын және жұмыстарын үйлестіріп келе жатқан мәдениет орталықтарының жоспары аз емес. Аймақтық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардағы көркем өнерпаздардың шығармашылығын жетілдіру бағытында, олардың өнерін насихаттау және орындау шеберліктерін арттыру мақсатында облыстық, республикалық, халықаралық іс-шаралар ұйымдастырып, жас таланттардың қатысуларына ықпал етуде.
Соның нәтижесінде мәдениет саласындағы жеткен жетістік, атқарылған жүйелі жұмыстар жетерлік. Оның ішінде ауыл мәдениетінің алар орны ерекше.
Ауданға қарасты Абай ауылдық клубының бүгінгі жүйелі жұмысы мен шығармашылық өрлеуі – он штат бірлігіндегі ұжымның бірлескен еңбегінің жемісі. Меңгеруші Нұрлыбек Сүлейменов бастаған клуб үйінде әдіскер, сүйемелдеуші, есепші, дыбыс операторы, қарауылдар, от жағушылар мен үй сыпырушы сынды әрбір қызметкердің өз орнындағы жауапкершілігінің нәтижесінде мұнда жұмыс жүйелі жүргізілуде.
Қазіргі таңда қара шаңырақта 59 өнерпазды өз қанатының астына алған 7 үйірме үздіксіз жұмыс істейді. Ән мен жырдың, би мен күйдің тілін ұғынған жас ұрпақ үшін балаларға арналған 5 үйірме (ән, қобыз, би, көркемсөз, домбыра) жұмыс жасаса, жастарға арналған әзіл-сықақ үйірмесі мен асыл қазынамызды дәріптеуші «Өнеге» әжелер үйірмесінің қоғамға қосар үлесі ұшан-теңіз.
Жыл басынан бері клуб ұжымы ауқымды іс-шаралардың бел ортасында жүр. Атап айтар болсақ, аудандық деңгейде «Қазақфильм: тарихтан тағылым, өнерден өнеге» атты драма байқауы, ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына орай «Сырдан басталған жыр жолы» атты көркемсөз байқауы, «Тәуелсіздік – рухтың биі» қойылымдық би байқауы және Өтебас бидің 350 жылдығына арналған «Би елге құт» суретшілер байқауы жоғары деңгейде өткізілді.
Бұдан бөлек алдағы уақытта «Билік қонған басына бабасынан» атты жыршы-термешілердің облыстық байқауына да дайындық қызу жүріп жатыр.
– Бүгінгі таңда Абай ауылдық клубы тек мәдени шаралар өтетін орын емес, бұл – ауылымыздың жастарын өнерге баулитын, олардың бойындағы талантты шыңдайтын үлкен шығармашылық орталығы. Жетістіктеріміздің артында ұжымның бірлігі мен өнерпаз жастарымыздың талпынысы жатыр. Халықаралық және республикалық байқауларда қос өнерпазымыздың Гран-при иегері атанып, Түркия мен Өзбекстан төрінде ауылымыздың атын шығаруы біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл тек жеңіс емес, бұл – ауыл өнерінің әлеуеті жоғары екенінің айқын дәлелі. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық пен жергілікті тұрғындардың қолдауы бізге қанат бітіреді. Алдымызда әлі жоспарлар көп. Әсіресе түрлі деңгейдегі байқауға тыңғылықты дайындалып, жас таланттардың бағын ашу басты міндетіміз болып қала береді. Біздің мақсат – ауылымыздың мәдени әлеуетін арттыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды келер ұрпаққа дәріптеу. Өнерлі, өнегелі ұрпақ – елдің болашағы, сондықтан біз әрбір жас өнерпазға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз, – дейді кәсіпорын меңгерушісі Нұрлыбек Байқараұлы.
Абай ауылдық клубының жетістігі – тек аудан мен облыс көлемімен шектелмейді. Бес ай ішінде 16 аудандық, 4 облыстық, 2 республикалық және 2 халықаралық байқауға қатысқан өнерпаздардың толағай табыстары көз қуантады. Әсіресе, «Ғұмырдария» көркемсөз үйірмесінің жетістігі – мақтан тұтарлықтай. Қызылорда мен Алматы қалаларында өткен республикалық және халықаралық байқауларда Гран-при мен жүлделі орындарды қанжығасына байлаған өнерпаздар Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «7 өнер– Ташкент» халықаралық өнер фестивалінде де жарқырай көрінді.Осы байқауда Диас Иманғали Гран-при иегері атанып, 2026-2027 жылдарға арналған байқауларға тегін қатысу мүмкіндігіне және Түркияның Стамбұл қаласында өтетін халықаралық фестивальге жолдама алды. Ал Айару Амангелді  жүлделі І орынды иеленді. Шәкірттерін биік шыңдарға жетелеген жетекшісі Замзагүл Меңдібаева «Үздік жетекші» атанып, кәсіпорын меңгерушісі Нұрлыбек Байқараұлы Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл – ауыл мәдениетінің, өнерге деген құштарлықтың және тынымсыз еңбектің нәтижесі. Абай ауылдық клубы алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, ұлттық өнерді дәріптеудегі өз орнын айшықтай беретініне сенім мол.Ауыл – ұлттың қаймағы, ұйытқысы. Елдің даңқын асырған таланттардың талайы сол ауылдан шықты. Ауыл­дың өнері өркен жайса, қазақтың мәдениеті қанатын кеңге жаяды емес пе? Ендеше, өнердің бір бұлағы ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын демекпіз.
Айнұр ӘЛИ
16 маусым 2026 ж. 33 0

Қауіпке қарсы қалқан

16 маусым 2026 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930