Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда электр энергиясының тарифтері 1 шілдеден бастап қайта қаралмақ

Қазақстанда электр энергиясының тарифтері 1 шілдеден бастап қайта қаралмақ

электр энергиясы
Фото: magnific.com

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтерін өзгерту жоспарланып отыр. Энергетика министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап 60 энергия өндіруші ұйым үшін жаңа тарифтер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуді ұсынды.
Ведомствоның мәліметінше, тарифтерді қайта қарау елдегі энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету және генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында жүзеге асырылады.
Құжатта 60 энергия өндіруші ұйым үшін шекті тарифтерді түзету қарастырылған. Министрлік бұл шешім жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге, сондай-ақ жабдықтардың сенімділігін арттыру мен жаңарту бағдарламаларын іске асыруға қажетті қаржылық жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.
Жаңартылған тарифтерді 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізу жоспарланған.
Бұйрық жобасы 30 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мораторий аяқталып, коммуналдық қызмет тарифтері маусым айында көтерілетіні хабарланған еді. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың айтуынша, қызмет көрсетушілерден өтініштерді қарастыруға уақыт қажет.
Комитеттегі дөңгелек үстел барысында Нұрлан Болатбаев саланың орташа тозуы 50%-дан асып кеткенін және оны инвестициялар мен негізгі капиталға салымдар арқылы шектемесе, жыл сайын 2–3% артып жатқанын атап өтті. Бұл жағдай шығындарды, сондайа-ақ тарифтерді қайта қарауды қажет етеді. 
16 маусым 2026 ж. 39 0

Қауіпке қарсы қалқан

16 маусым 2026 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930