Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау-басты назарда

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау-басты назарда

Бүгін аудан әкімінің орынбасары, Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Дәурен Тілеумбетовтің төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау тетіктерін күшейту және жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Күн тәртібіне енгізілген алты мәселе бойынша жауапты сала басшылары мен мамандар хабарлама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады.
Алғашқы мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобы тарапынан кәмелетке толмағандарға қатысты ұсыныстар қаралды. Осыған байланысты комиссия төрағасы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.
– Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағытта ата-аналармен, білім беру ұйымдарымен және тиісті мекемелермен бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыруымыз қажет, – деді Дәурен Тілеумбетов.
Жаз мезгілінде кәмелетке толмағандардың су айдындарындағы қауіпсіздігі мәселесі де жан-жақты талқыланды. Бұл ретте жауапты мекемелерге профилактикалық жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Комиссия отырысында әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және қорғаншылық-қамқоршылық органдарының жұмысы да қаралды. Бұл бағытта отбасы институтын нығайту және балалардың отбасында тәрбиеленуіне қолдау көрсету қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің мәдениет, спорт және өнер мекемелеріне қолжетімділігі мәселесі көтерілді. Комиссия төрағасы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру олардың тәрбиесі мен дамуына тікелей әсер ететінін жеткізді.
– Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру – оның болашағына салынған инвестиция. Спорт, өнер және мәдениетке тартылған бала теріс әрекеттерден алыс болады. Сондықтан балаларға қолжетімді әрі сапалы үйірмелер мен секциялардың жұмысын жандандыру қажет, – деді комиссия төрағасы.
Жиын қорытындысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.
16 маусым 2026 ж. 45 0

Қауіпке қарсы қалқан

16 маусым 2026 ж. 49

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930