Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлкен өнердің қарапайым кейіпкері

Үлкен өнердің қарапайым кейіпкері

Мәдениет – халықтың рухани қазынасы. Сол қазынаны ұлықтап, жас ұрпаққа өнердің қыр-сырын үйретіп жүрген жандардың еңбегі әрқашан бағалы. Сондай жанның бірі – біршама жылдар бойы мәдениет саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан, бүгінде өңірдегі музыкалық жетекші, талантты тұлға Бақыткелді Надиров.

Ол 1984 жылы 29 тамызда Қазалы ауданы, Арықбалық ауыл советіне қарасты Шили елді мекенінде дүниеге келген. 2001 жылы Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебін тәмамдап, білімге деген құштарлығын М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде жалғастырды. 2007 жылы «Мәдени ағарту жұмысы және халықтық көркемдік шығармашылық» мамандығын игерсе, 2023 жылы Қызылорда ашық университетінде «Мәдени тынығу жұмысы» бойынша жоғары білім алып, біліктілігін одан әрі шыңдай түсті. Оның еңбек жолы – үздіксіз ізденіс пен шығармашылық өсудің үлгісі. 2005 жылы Қалалық мәдениет үйінде қызметін бастаған ол, кейінгі жылдары Кәсіптік техникалық колледжінде көркемөнерпаздар жетекшісі, Қалалық мәдениет үйінде сүйемелдеуші, аудандық мәдениет орталығында өнерпаз болып қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап «Қорқыт сазы» фольклорлық халық ансамблінде концертмейстер қызметіне ауысты. Сондай-ақ қалалық мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесінің, «Наз» ұлт аспаптар ансамблінің және «Қазалы тобы» эстрада ансамблінің белсенді мүшесі ретінде көпшілікке танылды.
Бақыткелді Ахметжанұлының өнердегі жетістіктері аз емес. Ол облыстық халық шығармашылық орталығының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, аудан және қала әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Түрлі байқауда топ жарып, үлкен белестерді де бағындырып келеді. Мәселен, Р.Бағланова атындағы республикалық «Ақмаңдайлым» байқауының дипломанты және номинация иегері атанды.
Сондай-ақ «Отан деп соққан жүректер» атты аймақтық байқаудың IIорын жүлдегері. Аудандық және қалалық театрларда сан алуан басты рөлдерді шебер сомдап, «Бәрінен батыр, қорқақ көжек» балалар ертегісін сахналап, бүлдіршіндердің ықыласына бөленді. Соңғы уақытта режиссерлік қырынан көрініп, халыққа екі бірдей спектакль ұсынды. Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» әлеуметтік драмасы мен Сұлтанәлі Балғабаевтың «Құдағилар» комедия жанрындағы спектаклі өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
– Мен үшін өнер – тек сахна немесе музыка емес, өмірді түсінудің, адам жанын тербеудің бір жолы. 2005 жылдан бергі еңбек жолымда Қазалының мәдениетін дамытуға, жас өрендерге бағыт-бағдар беруге барымды салып келемін. Өнер адамы үшін ең бастысы – халықтың алғысына бөлену. Әлі де алға қойған жоспарларым көп, жаңа шығармашылық ізденістермен өңір мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге, шәкірттерімді биік шыңдардан көруге ниеттімін. Еңбек еткен адамның еңбегі еш кетпейді, мен соған сенемін, – дейді ол сөз арасында.
Бүгінде Бақыткелді Ахметжанұлы қалалық мәдениет үйінде музыкалық жетекші қызметін атқаруда. Ол тек өнерпаз емес, сонымен қатар жас таланттарды тәрбиелеп жүрген ұстаз. Оның шәкірттері халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық байқауларда топ жарып, жеңімпаз атанып жүр. Өнердегі жетістігімен қатар ол зайыбымен бірге 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі әке, отбасының тірегі. Оның өнермен өрілген өмір жолы – еңбекке адалдықтың, өнерге деген шексіз махаббаттың көрінісі.
Айнұр ӘЛИ
16 маусым 2026 ж. 46 0

Қауіпке қарсы қалқан

16 маусым 2026 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930