Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарлан көпірінің негізгі аралық құрылымдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде

Қарлан көпірінің негізгі аралық құрылымдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық маңызы бар «Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымындағы Сырдария өзені арқылы өтетін Қарлан көпірінің құрылыс алаңына барды. Өткен жылы «Қарлан» көпірінің жоба сметалық құжаттарының қажетті қаржысына қайта есептеме жүргізіліп, жоба құны 6,7 млрд. теңгеге ұлғайтылған болатын. Биыл аймақ басшысының қолдауымен көпірдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі таңда көпірдің негізгі 8 тіреуін орнату жұмыстары толықтай аяқталып, негізгі су өтетін арнаның аралық құрылымдарын монтаждау жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар көпірдің бір бөлігін асфальттау жұмыстары аяқталып, жолдың екі бетіне темірбетонды суағаралары салынуда. Ал, көпірдің кіреберіс жолының екінші бөлігінде асфальт төсеуге дайындық ретінде қиыршық тас төселуде.
Сырдария өзені арқылы салынып жатқан көпір өткелінің жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде көпірдің ұзындығы – 248 метр болса, кірме жолдың ұзындығы – 2,3 шақырым. Жоба аясында жарық бағаналары орнатылып, жол инфрақұрылымы толық қамтылатын болады. Дәл қазіргі уақытта құрылыс басында 30-дан астам арнайы техникалар мен 80-ге жуық адам белгіленген жұмыстарды қарқынды жүргізуде. Аудан басшысы жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС-нің жауапты өкіліне бұл көпір аудан халқы үшін көптен күткен ауқымды инфрақұрылымдық жоба екенін айтып, құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, жұмыстарды сапалы орындауды және жеделдетуді тапсырды.
Қарлан көпірінің құрылысы аяқталғаннан кейін ауданға қарасты Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекеніндегі 10 мыңнан астам халықтың алыс-берісі артып, жол қатынасы жақсара түспек.

11 қараша 2026 ж. 16 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30