Конгода Эбола індеті өршіп тұр: 11 мыңнан астам адам вирус жұқтырған
2026 жылдың мамырында басталған індет елдің сегіз провинциясына тарап, 5 387 адамның өмірін қиды.
Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.comКонго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 11 мыңнан асып, аурудан көз жұмғандар саны 5,4 мыңға жетті. Бұл туралы Report.az басылымы хабарлады.
Ел үкіметі жариялаған ресми статистикаға сәйкес, Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырудың 11 042 расталған жағдайы тіркелген. Аурудан көз жұмғандар саны 5 387 адамға жеткен.
2026 жылдың мамыр айында басталған індет елдегі 26 провинцияның сегізіне таралған.
Ауқымы жағынан қазіргі індет тарихтағы ең ірі екінші эпидемияға айналды. Бірінші орында 2014–2016 жылдары Батыс Африкада болған Эбола індеті тұр.
Еске салайық, бұған дейін Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 10 мыңнан асқаны белгілі болған.









