Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Автожол жобалары бойынша қоғамдық консультация өткізілді

Автожол жобалары бойынша қоғамдық консультация өткізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде көлік-логистикалық әлеуетті арттыру, өңірлер арасындағы байланысты нығайту және жол инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Осы ретте республика бойынша бірқатар стратегиялық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жобалары жүзеге асырылуда.
Аталған жұмыстар аясында Қызылорда облысының көлік қатынасын жақсартуға бағытталған «Қызылорда – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жобалары бойынша Қазалы ауданында қоғамдық консультация өткізілді.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мұрат Абсұлтанов ашып, жобалардың аудан үшін маңыздылығына тоқталды. Кездесуге «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының өкілдері, жергілікті тұрғындар, автожол бойында орналасқан шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері, сондай-ақ Азия даму банкінің әлеуметтік және экологиялық мәселелер жөніндегі консультанттары қатысты.
Кездесу барысында «ҚазАвтоЖол» өкілдері аталған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінде қарастырылған негізгі шешімдермен таныстырып, жоспарланған жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар жобаларды жүзеге асыру барысында жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу, мүлік пен кәсіпкерлік қызметке ықтимал әсерді бағалау, өтемақы төлеу тәртібі және тұрғындардың мүдделерін қорғау мәселелері түсіндірілді. Жобалық шешімдердің әлі түпкілікті бекітілмегені, барлық мәселелер тиісті зерттеулер мен бағалау жұмыстарының нәтижесінде нақтыланатыны атап өтілді.
Бұдан бөлек, жол құрылысының қоршаған ортаға әсері, су және жер ресурстарын сақтау, жануарлардың көшу жолдарын ескеру, тарихи-мәдени нысандарды қорғау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Қоғамдық консультация барысында жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, қолданыстағы жол бойындағы кәсіпкерлік және сервистік нысандардың мүддесін ескеру, жаңа жол бағытын белгілеу кезінде жергілікті кәсіпкерлік нысандардың жұмысын сақтау, мал өткелдерінің санын және орналасу орындарын тұрғындармен келісу, жол бойына қоршаулар орнату, сондай-ақ малдың суаттарға қауіпсіз қатынауын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылұлы жобаны әзірлеу барысында жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен ауданның ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын атап өтті. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде қарастырылатыны, ал мал өткелдері мен өзге де жасанды құрылыстардың орналасуы жергілікті атқарушы органдармен және тұрғындармен келісілетіні айтылды.
Жалпы, аталған автомобиль жолдары жобалары өңірдің көлік қатынасын жақсартуға, транзиттік әлеуетін арттыруға, кәсіпкерліктің дамуына және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

11 қараша 2026 ж. 18 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30