Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың рухани–мәдени жаңғыруы

Халықтың рухани–мәдени жаңғыруы

12 сәуір күні музейдің мәжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына жыл толуына орай «Халықтың рухани-мәдени жаңғыруы» атты дөңгелек үстел өтті. Шарада «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің Қазалы аудандық ұйымының төрағасы, музей жанынан құрылған «Өнеге» бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірбек Күлімбетов, «Жас ғанитанушылар» үйірмесінің оқушылары, қалада орналасқан №17, № 95 мектеп мұғалімдері қатысты.
Ғылыми қызметкер Алтынай Жадырасынова шараны ашып, еліміздің тарихына қысқаша тоқталып, Елбасының бұл мақаласы қазақстандықтар үшін өте қолайлы сәтте жарық көргені, оның ішінде тарихқа, мәдениетке, салт-дәстүрге ерекше мән бергендігін айтып өтті. Өйткені, әкеміздің таза қаны мен анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған осынау қазықылығымыздың ұлттық құндылығын біз осы тарих, мәдениет, салт-дәстүр арқылы білеміз. Сондықтан да, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын біз көпшілікке ары қарай түсіндіре отырып, жастардың бойындағы Отанға деген сезімді оята білсек, мұның өзі біз үшін үлкен жетістік болмақ.
Кеш қонағы Өмірбек Күлімбетов Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы арқылы қазақ елі шынымен де рухани жаңғырып келеді дей отырып, әрі қарай бағдарламаны қатысушыларға кеңінен түсіндірді. Шара соңында мақала аясында дайындалған «Төл мәдениет – руханият елбірлігі», «Латын әліпбиінің ерекшелігі» атты лекция келушілерге оқылды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
13 сәуір 2018 ж. 1 883 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 50

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 75

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031