Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі көмір қоймаларын аралап, қатты отын қорын тексерді

Аудан әкімі көмір қоймаларын аралап, қатты отын қорын тексерді

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жылу беру маусымының барысы мен өрт қауіпсіздігі мәселелері қаралды. Мәжілісте өңірдегі жылу маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету, инженерлік желілердің үздіксіз жұмысын бақылау және тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды қажетті отын қорымен қамту жөнінде нақты тапсырмалар берілген болатын.Осыған сәйкес, бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан аумағындағы көмір қоймаларын аралап, қысқы маусымға дайындық барысын тексерді. Көмір тасымалдаушы кәсіпкерлермен кездесіп, отын қорының жеткіліктілігі, көмір жеткізу кестесінің сақталуы және тұрғындарға қолжетімді бағамен сатылуы мәселелерін талқылады.Аудан басшысы көмір тапшылығына жол бермеу, жеткізу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру және баға тұрақтылығын сақтау қажеттігін атап өтті. Тиісті сала басшылары мен кәсіпкерлерге бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Биылғы жылу беру маусымына аудан бойынша 11 мың тонна қатты отын қажеттілігі жоспарланған. Оның 8,6 мың тоннасы халықтың тұтынуына, 2,4 мың тоннасы әлеуметтік нысандарға қарастырылған. Бұдан бөлек, әлеуметтік нысандарға 1,9 мың тонна сұйық отын қажет. Көмір тасымалдау жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз-қараша айлары аралығында 6 300 тонна көмір жеткізу көзделген.
Бүгінгі күнге дейін ауданға 5 382 тонна (78 вагон) көмір жеткізілді. Атап айтқанда: ЖК «Зәру» – 11 вагон, «Тоғыс-Аралотын» ЖШС – 14 вагон, ЖК «З. Жалмағанбетова» – 53 вагон. Сонымен қатар тапсырыс берілген 414 тонна (6 вагон) көмір «Разъезд 17» теміржол бекетіне келіп жетті.
11 қараша 2026 ж. 20 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30