Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда халықаралық жүк тасымалы электрондық құжатқа көшеді

Қазақстанда халықаралық жүк тасымалы электрондық құжатқа көшеді

Depositphotos.comФото: Depositphotos.com
Құрылтай «Жүктерді халықаралық жолмен тасымалдау шарты туралы конвенцияға (ЖТШК) электрондық жүкқұжатқа қатысты қосымша хаттаманы» да ратификациялады. Құжат 2008 жылғы 20 ақпанда Женева қаласында қабылданған, деп хабарлайды Almaty.tv Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Қосымша хаттама деректерді электрондық тіркеу және өңдеу технологияларын пайдалана отырып, жүкқұжаттарды электрондық форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл халықаралық жүк тасымалы саласын цифрлық құжат айналымына көшіруге жол ашады.
Қазақстанның Қосымша хаттамаға қосылуы отандық және шетелдік тасымалдаушылардың жұмыс шарттарын біріздендіруге бағытталған.
Құжатты ратификациялау экономиканы цифрлық трансформациялаудың бір бөлігі ретінде халықаралық автомобиль тасымалдарын цифрландыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қалыптасып келе жатқан еуразиялық көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін арттырып, әртүрлі көлік түрлерінің өзара іс-қимылын жеңілдетуге ықпал етеді.
Бұдан бөлек, электрондық жүкқұжаттарды қолдану бақылау рәсімдеріне жұмсалатын уақыт пен еңбек көлемін қысқартуға, құжаттарды басып шығару, өңдеу және архивтеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде автокөлік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.


11 қараша 2026 ж. 82 0

Алданбаудың амалдары

11 қараша 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30