Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас көлік прокуратурасы бюджетке 3,3 млрд теңге салық төленбегенін анықтады

Бас көлік прокуратурасы бюджетке 3,3 млрд теңге салық төленбегенін анықтады

istockphoto.com
«Кеңқияқ – Құмкөл» және «Атасу – Алашанкоу» магистральдық құбырлары арқылы мұнай тасымалдау саласындағы заңдылықты талдау барысында салық заңнамасының бұзушылық фактілері анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Технологиялық ерекшеліктер мен өлшеу қателері салдарынан тасымалдау кезінде пайда болған мұнай артығы бухгалтерлік есепте толық көрсетілмегені анықталды. Нәтижесінде активтердің құны төмендетіліп, салық міндеттемелері тиісті деңгейде орындалмаған.
Бас көлік прокуратурасының ұсынуы бойынша Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады.
Атап айтқанда, түгендеу қорытындысы бойынша бухгалтерлік есепке 92 мың тоннадан астам мұнай жеткізілді. Салық есептілігіне түзетулер енгізіліп, оның нәтижелері бойынша 2,9 млрд теңге мөлшерінде корпоративтік табыс салығы есептелді.
Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша бюджетке өсімпұлды қосқанда 300 миллион теңгеден астам қаржы түсті.
Магистральдық құбыр көлігі саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

 


11 қараша 2026 ж. 61 0

Алданбаудың амалдары

11 қараша 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30