Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы үш тәулікте құбылмалы ауа райы күтіледі

Қазақстанда алдағы үш тәулікте құбылмалы ауа райы күтіледі

Фото: kazlenta.kz / создано с помощью ИИ
Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжанады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ құбылыстары болжанады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Жекелеген күндері елдің батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Ауа температурасы:
  • Батыста: түнде 2–9 градус жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 8–17 градус жылы болады.
  • Солтүстікте: түнде 2–10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 2 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.
  • Орталықта және шығыста: түнде 5–15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.
  • Оңтүстікте: түнде 1–8 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5–12 градус жылыға дейін жоғарылайды.
  • Оңтүстік-шығыста: түнде 3–8 градус, таулы аудандарда 11–16 градус аяз болады. Күндіз 2–10 градус жылыға дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1–6 градус аяз болады.
11 қараша 2026 ж. 61 0

Алданбаудың амалдары

11 қараша 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30