Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсылықты жалау еткен жарыс

Жақсылықты жалау еткен жарыс

Көпшіліктің ойынына айналған футболда қайырымдылық қорына ақша түсіру үшін өткізілетін матч көп кездеседі. Жанкүйер жұрт мұндайды теледидардан көріп жүрген болар. Басты мақсаты – әдемі ойын өрнегін көрсетіп, билеттен түскен ақшаны қандай да бір сырқаты бар жандардың есебіне аудару.

Өткен сенбіде Қазалы аудандық дене шынықтыру спорт бөлімі және аудандағы қайырымдылықпен айналысып жүрген жандардың ұйымдастыруымен спорт кешенінде кіші футболдан турнир өтті. Аталған жарысқа 15 команда қатысып, көрерменге жақсы ойын ұсына білді. Нәтижесінде жүлделі бірінші орынды «Сыр маржаны» командасы иемденді. Финалда сырмаржандықтарға есе жіберген «Барсакелмес 11 - 93 жігіттер» командасы екінші орынға тұрақтады. Үшінші орынды «На­уат» командасы жеңіп алды. Сонымен қатар осы турнирде “Үздік ойыншы” бағамымен Демекбай Нұрғазы және “Үздік қақпашы” бағамымен Мұстафа Есмамбетов марапатталды. Жеңімпаз болған командалар және үздік ойыншыларға арнайы диплом және кубок сыйлықтары табысталды.

Турнирдің жалпы мақсаты аудандағы екі жасөспірімнің еміне көмектесу болды. Жұмыла жақсылыққа ұмтылған жастардың бұл ісі үлгі етуге тұрарлық дүние. Келешекте көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созатын шара көптеп ұйымдастырылса дейміз.

Серік АҚМЫРЗА

26 қараша 2019 ж. 1 154 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 114

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031