Қазалыдағы қанды дүрмек
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген қуғын-сүргін зобалаңы ешқашан ұмытылмайды.
Жалпы саяси репрессия КСРО республикаларында 1928 жылдан басталды. Соның ішінде қазақ елінде ең алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалып, оларға «ұлтшыл» деген айып тағылған болатын. Соның салдарынан Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Абдулла Розыбақиев, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ілияс Жансүгіров және тағы басқа да зиялылар ату жазасына кесілді.
Қолға тиген мәліметтерден сол уақытта Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырағанына көз жеткіздік. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері мен дәрігерлер болған. Одан соң Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кәріс, 507 мың Солтүстік Кавказ елдерінің өкілдері осы қатардан табылды. Сондай-ақ қазақ жеріне күшпен қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен өзге ұлт ұрпақтары көшірілді. Демек елімізге 1 миллион 500 мыңға жуық адам жер аударылып келді.
Осы орайда Қазалы ауданы бойынша 1920 мен 1950 жылдары аралығындағы жаппай қуғын-сүргінге ұшырағандардың тізімін таптық. Бұл ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментінің мәліметі. Бізге белгілісі 327 адам. Одан бөлек Қазақ ССР-і МҚК облыстық басқармасы мен облыстық прокуратурасының жанынан құрылған комиссияда 30-40 жылдарда және 50 жылдардың басында РСФСР қылмыстық кодексінің 58-10 бабы негізінде жазаланғандардың қылмысты істері қаралып, оларды негізсіз жазалаған деген тоқтамға келген екен. Сонымен қатар облысымыздың жазықсыз азаматтарының үлкен бір тобы анықталған. Оның ішінде ауданымыздан жазықсыз қуғынға ұшырап, қайта ақталғандар саны жиырма алты болып шықты.
Қанды дүрмектің басы сонау 1928 жылы басталғанын ескерсек,сол жылғы 27 тамызда «Байлар шаруашылығын тәркілеу туралы» үкімет қаулысы дайындалып, «Кіші Октябрь революциясын» жүргізудің алғашқы қадамы жасалды. Аталған науқанның тез арада жүзеге асуы үкімет тарапынан қатаң қадағаланып отырған деседі. Ол үшін ауыл-ауылға мыңдаған өкілдер жіберілген. Тәркілеу комиссиясының құрамында 4700 адам жұмыс істеген.
Шынтуайтына келгенде Қазақстандағы қуғын-сүргін негізінен үш кезеңде жүргізілді. Соның алғашқысы – байлардың мүлкін тәркілеу, жер аудару және қуғын-сүргінге ұшырату. Әрине бұл көзделген жоспар жедел түрде жүзеге асты десекте болады. Себебі сол жылы 154 бай мен атқамінерлердің шаруашылықтары тәркіленіп, өздерін туған жерінен қуып, жат жерге жер аударды. Көрсетілген тізімді бір тексеріп шыққанымызда шаруашылықтары тәркіленген байлар қатарынан Қазалы ауданының сегіз бірдей азаматымен таныстық. Тақырыптың тереңіне үңіліп, анық-қанығына толық көз жеткізу үшін біз тек аудан көлеміндегі бауырларымызға тоқталып, қысқа қайырып отырмыз. Дегенмен елімізде бұл қиындықты бастан өткізген қандастарымыз қаншама. Бүгінде бізге белгілі мәліметтерден бөлек архив құжаттарында кейбір себептермен сақталған немесе іс-қағаздарының арасында қалып қойып, жоғарыда көрсетілген тізімге енбеген адамдардың болуы бек мүмкін. Соларды түгендеу алдағы күндердің еншісіндегі шаруа.
Шыны керек бүгінгі жас ұрпақтың санасына «Біз кімбіз? Қайдан шығып едік? Біздің бабаларымыз нендей зұлым жағдайларды бастан өткерді?» деген сауалдар әрдайым маза бермеуге тиіс. Ел үшін жанын тәркі еткен аға буынның қандай қиямет күнді бастан өткергенін білу бізге міндет. Дегенмен сорақысы сол қазіргі толқынның бірқатары 31 мамырдың қандай күн екенінен мүлдем бейхабар. Тіпті кейбір таныстарымнан «Бұл күн несімен есте қалды?» дегенді де естіп жүрмін. Өкінішті... Десек те бұл хақында кейінірек тоқталатын боламыз.

Абзал ЖОЛТЕРЕК