Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуғын-сүргін құрбандары ұмытылмайды

Қуғын-сүргін құрбандары ұмытылмайды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Ақтан батыр ауылдық кітапханасында «Алаш туы астында» атты кеш ұйымдастырылды.
Елдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын, қызыл террордың қылышынан баудай қырылған бабалар рухына арналған шарада кітапханашы Рыскүл Тілектесқызы тақырыптық танымдық материал мен суретті мәліметтерден топтастырылған көрмеге биб­лио­графиялық шолу жасады.
Ауыл әкімдігінің жетекші маманы Жаңбырбай Табынбаев репрессия құр­бандарының жанкешті тағдыры, ұлттың тамырына балта шапқан кеңестік жүйедегі солақай саясаттың сызы туралы тарихи мағлұматтарды алға тартты. Клуб меңгерушісі Ұлмекен Сансызбай 4 миллионнан астам адамның ажалына себепші болған зобалаң зардабын естен шығармау — бүгінгі ұрпақ парызы екенін атап өтті. Жиналған жастар арасынан Мұхтар Досжан жастар атынан сөз сөйлеп, «Қасиетті күн енді қайтып келмесін» деген ниетін жеткізді. «Әзілхан иман» мешітінің имамы Ақылбек Сері сұрапылда шейіт болған ұлт арыстарының рухына құран бағыштады.
Шара соңында ұйымдас­тыру­шы­лар тарапынан белсенді қаты­сушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жаңыл ҚАСЫМҚЫЗЫ,
клуб әдіскері
04 маусым 2019 ж. 2 450 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930