Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "13 млн айыппұл". Қазақстанда қандай бақбақты жұлуға болмайды?

"13 млн айыппұл". Қазақстанда қандай бақбақты жұлуға болмайды?

Сирек өсімдіктер үшін ірі айыппұл қарастырылған.
Фото: pixabay.com
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген бақбақ түрін жұлғаны үшін 13 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде ер адам Қазақстандағы кейбір бақбақ түрлері Қызыл кітапқа енгенін, оларды жұлғаны үшін 3000 АЕК-ке дейін, яғни шамамен 13 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін екенін айтқан.
Вице-министрдің сөзінше, Қызыл кітапқа бақбақтың тек бір ғана түрі енгізілген.
Қызыл кітапқа енгені – тек осы бақбақ түрі. Қалған бақбақ түрлері Қызыл кітапқа жатпайды. Жалпы Қызыл кітаптағы кез келген өсімдікті жұлғаны үшін 3000 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған, – дейді Нұркен Шәрбиев.
Ол айыппұл мөлшері 2019 жылы депутаттардың бастамасымен 10 есе ұлғайтылғанын атап өтті. Қазіргі таңда айыппұл көлемі – 3000 АЕК. Мұндай шара сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді қорғау үшін қабылданған.
Шартты түрде айтқанда, осындай 10-11 бақбақты жұлып алса, бұл түр мүлде жойылып кетуі мүмкін. Негізінен олар еліміздің оңтүстік өңірлерінде кездеседі, – деп қосты вице-министр.
12 мамыр 2026 ж. 118 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031