Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда мейірбикелер күніне орай мерекелік шара өтті

Қазалыда мейірбикелер күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін Қазалы ауданында 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай мерекелік шара өтіп, сала мамандары құрметке бөленді.

Әйтеке би кенттік мәдениет үйінде өткен «Мейірім – мамандық емес, жүректің қасиеті» атты мерекелік шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, қадірлі мамандық иелерін мерекемен құттықтады.

-Мейірбике – адам жанына шипа сыйлайтын, науқастың көңіліне үміт ұялататын ең қадірлі мамандықтардың бірі. Адам өміріне араша түсіп, сырқат жанның жанынан табылу – үлкен жүректілікті, мейірімділік пен төзімділікті талап етеді. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде денсаулық сақтау саласын жаңғырту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында жүйелі реформалар жүзеге асырылып келеді. Соңғы үш жылда ауданға қарасты Бозкөл, Кәукей және Абай ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 3 бірдей дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілсе, Жалпақ және Жұбан елді мекендерінде жаңа медициналық бекеттер ашылды. Өткен жылы «Бекарыстан би» және «Болат жолы» дәрігерлік амбулаторияларының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Елді мекендердегі денсаулық сақтау ұйымдарына 26 дана жедел жәрдем автокөлігі табысталып, ауданда санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі толыққанды шешілді. Аудандық көп бейінді орталық аурухананың жанынан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құны 1 миллиард 810 миллион теңге болатын, 42 төсектік кардиология және инсульт орталығы іске қосылды. Аталған орталықта биыл ақпан айында құны 326 миллион 699 мың теңге болатын заманауи компьютерлік томография аппараты іске қосылса, биыл орталыққа заманауи МРТ медициналық құрылғысын орнату жоспарланып отыр. Мұның барлығы – аудан халқы үшін ғана емес, жалпы өңір медицинасы үшін үлкен жетістік, - деді аудан басшысы.

Мерекелік шарада еселі еңбегімен аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту мен аудан медицинасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар мейіргер мен мейірбикелерге Қазалы ауданының ең жоғары марапаты – Құрмет грамотасы мен аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Мерекелік шара соңында денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арнап аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, мерекелік ерекше көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, бүгінде аудандағы медицина саласында 1000-нан астам мейіргер мен мейірбикелер аудан халқына қалтқысыз қызмет жасап келеді. Қаншама адамның жанына дауа, тәніне шипа болардай ем тауып, өміріне араша түсіп жүрген ақ халатты жандардың еңбегі зор құрметке лайық.
12 мамыр 2026 ж. 62 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031