Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мыңжылдықтар сәулесі шашылған күн

Мыңжылдықтар сәулесі шашылған күн

6 мамыр күні Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Отырар алқабының қалалық мәдениеті және тарихи-мәдени мұрасы» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті. Кеушілер бастаманы ерекше ықыласпен қабылдап, бұл күнді «мыңжылдықтар сәулесі шашылған күн» деп атады. Мұндай ауқымды, тарихи оқиға – ғылыми-танымдық деңгейдегі көшпелі көрме ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бірлескен жобасы аудан тұрғындарына ежелгі өркениеттің байлығын ала келген. Салтанатқа Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, тарихшылар, мектеп оқушылары, музей мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара тізгінін ұстаған музей директоры Әзілхан Мақсатбаев Отырар мемлекеттік археологиялық музей қорығының көшпелі көрмесі дамыған қалалық өркениет белгісі бар орыннан табылған жәдігерлер қазақ жұрты ғана емес, туыстас түркі, Орта Азия, Шығыс халықтары үшін құндылығын жеткізді. Әзілхан Нағашыбайұлы ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, музейлер арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынын атап өтті. Жыл соңына дейін Ұлытау, Батыс Қазақстан археологиялық музейлерінің көшпелі көрмелері ауданға жететін жаңғымды жаңалықты сүйіншіледі.
«Бұл – үлкен серпіліс. «Тарих – біздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы» деген сөз бар. Отырардың тарихы бізді өткенімізбен байланыстыратын алтын тін. Оны жас ұрпақ зердесіне ұялату – маңызды әрі мүдделі міндет. Тарихи шараның насихат жұмыстарын таратуға бәріміз жұмыла атсалысқанымыз жөн», – деген Дәурен Тілеуімбетов аудан әкімінің құттықтауын жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары көрме жұмыстарына сәттілік тілеп, музейлерге Қазалы туралы тарихи-мәдени жинақты табыс етті.
Білім және мәдениет саласының ардагері Болат Жолтаев Отырар мәдениеті туралы құнды деректермен бөлісті. Ол Отырардың Орта Азиядағы ірі өркениет ошағы болғанын, дүниежүзілік кітапхана, ғылымның әр саласында «Әл-Фараби» аталған 5-6 ғалым шыққанын, шыны балқыту ісінің дамығанын атап өтті.
«Бұл жай ғана экспозиция емес. Ұрпақтар сабақтастығының, тарихи сананың, ұлттық мақтаныштың жарқын көрінісі. Жанкентке Отырар «қонаққа келді». Ендігі кезек – сол сәулені жүрегімізде сақтап, келер ұрпаққа жеткізу. Көрме тек құнды қазыналарымен қызықтырып қана қоймай, Жанкентпен байланысын да аңғартып, зерттеу жұмыстарына үлкен серпіліс береді», – деді Болат Әбенұлы.
Көрмеде көпшілік назарына 70-тен астам Отырардағы қалалық өмір, тұрмыс, егіншілік, сауда-саттық, мәдени байланыстар туралы толық мағлұмат беретін археологиялық жәдігер ұсынылды. Олардың арасында қыш, шыны, керамика, қола, жез бұйымдар, теңгелер, ежелгі қала тұрмысынан сыр шершетін суреттер, қолөнер үлгілері бар. Сондай-ақ XII-XIII ғасырларға тән моншалар, жұма мешіті, Бердібек сарайы, орталық базар сынды нысандардың тарихы бенетаспа арқылы көрсетіліп, жанды әңгімеге айналады.
Отырар алқабының сан ғасырлық қалалық мәдениетін, тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, өңір тұрғындарының тарихи танымын арттыру және жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтуды мақсат тұтқан көрме Сырдария мен Арыс өзендерінің бойында орналасқан шежірелі шаһардың ежелден отырықшы мәдениет пен қалалық өркениеттің ірі орталығы болғанын айғақтайды. Әлемге әйгілі Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері, Арыстанбаб кесенесі, Ұлы Жібек жолының маңызды торабы екендігін таныстыру жұмыстарын жүргізген аудандық өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Жанат Тілеуқабыл жеткізді.
Музейдің жас көрермені Гауһар Серік «Отырардағы той» әнін шырқап, көпшіліктің жүрегін толқытты.
Отырардың гүлденген шағы Ұлы Жібек жолымен байланысты. Үнді, Қытай, Византиямен мәдени-экономикалық байланыс орнатқан қаладан сауда керуендері төрткүл дүниеге тарап, ғылым мен мәдениеттің орталығына айналды. Кейін жолдардың өзгеруі, соғыстар бұл жұлдызды бірте-бірте сөндірді. Бірақ археологиялық қазба жұмыстарының арқасында Отырардың даңқы қайта жаңғырып келеді. 1904 жылғы алғашқы қазбалардан бастап, Кемел Ақышев бастаған кең ауқымды зерттеулерге дейін – бүгінгі көрме осы ұлы еңбектің жалғасы. Бұл туралы өз әсерімен бөліскен тарихшы ұстаз Мейрамбек Дәкібай айтты.
Оқушы көрермен Бағлан Еркін өзінің кітап, мультфильмдерден көрген Отырардан табылған заттардың келуі қызықтырғанынын, олардың қатарындағы балалар ойыншығы мен бесікке салатын заттар қатты ұнағанымен бөлісті.
Қызылорда облыстық музейінен бастау алған көшпелі көрме жұмыстары ауданда 14 мамырына дейін жалғаспақ.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
13 мамыр 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031