Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сыр сақтаған су қыспақты мұнара

Сыр сақтаған су қыспақты мұнара

Тарихи және мәдени ескерткіштердің ел дамуы үшін маңызы зор. Олардың бір түрі – мұнаралар сәулет өнері туындысының ерекше үлгісі болып табылады. Оның алғашқы формасы қашан, қай уақытта салынғандығы белгісіз. Бұл архитектуралық құрылыс жайлы тек көне жазбаларда айтылады.
Әлемнің жеті кереметінің бірінен саналатын Александрия шамшырағының мұнарасы ежелгі дәуірлерде-ақ өзіндік ерекшелігімен тарихта қалған. Кейін Вавилон мұнарасы да көркемдік келбетімен тарих қойнауынан орын алды. Бағзы замандағы сәулет өнерінде мұнаралардың көрініс табуы грек аңыздары мен әр халықтың ауыз әдебиетінде және жазба әдебиетте де көрініс тауып отырды.
Қай кезеңде болмасын мұнаралар тек жақсы мақсаттарға тұрғызылған. Олар азаматтық, әскери және табынушылық бағытта салынған сәулет құрылысы болып табылады. Бұлар арқылы қаланы төбеден бақылап, өрттің алдын алып отырған. Ал әскери комиссариат, су айдау жүйесінде, ортағасырлық обсервоторияларда аспан әлемін зерттеу мақсатында қолданған.
ХХ ғасырдың басында тоғыз жолдың торабы тоғысатын Қазалы вокзалы маңындағы мұнара Орынбор-Ташкент теміржолын салудағы кешендік ғимаратқа жатады. Ол бумен жүретін паровоздардың тоқтаусыз жүруі үшін салынса, кейін халықты ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылған. Сол кезде Сыр бойында осындай 38 су қыспақты мұнара тұрғызылған көрінеді.
Бүгінде олардың көбісі жұмыс істеп тұр. Ресейдің сәулеттік үлгісінде салынған су қыспақты мұнараларды биіктігі мен сыйымдылығына қарай бөліп қарастыруға болады. Сыр өңіріндегі су қыспақты мұнаралар сәулеттік келбеті жағынан бір-бірінен ерекшеленгенімен негізгі сұлбасы ұқсас келеді. Оның жоғарғы қабатында су сақтайтын орын болса, төменгі бөлігі күйдірілген тікбұрыш форматты айшықталып қаланған қыштар, жоғарғы жағы ағаштан салынған болып келеді. Биіктігі 15-28 метрді құрайды. Кейбір мұнаралардың жоғарғы маңдайшалы бөлігінде терезелер орналастырылған.
Осындай су қыспақты мұнара Көбек стансасы теміржол бекеті ғимаратының кешеніне кіреді және вокзал үйінің шығысында тұрғызылған. Мұнараның көлемі сегізқырлы, екі қабатты, бірінші қабаты цементті-құмды ерітінді де, күйдірілген кірпіштен жасалған, екіншісі ағаш, жалпы биіктігі 16,85 метрді құрайды.
Жоғарғы қабаттың зері көлденең және тік бағытталған тақтай жиектің және шектеулі түрде пайдаланылған ою есебінен шешілген. Шатыр астына шағын төртбұрышты терезелер қойылған. Мұнараның үсті шатырлы, ағаш құрылымы бар, темір шатырмен қапталған. Мұнараның үстіңгі бөлігінде төменгі қабаттың кірпішті қабырғасына орнатылған өз екпінімен көтерілетін ағын суға арналған резервуар орналасқан. Еденнен 5,15 метр биіктікте, құрылымдық маңызға ие ағаш арқалықпен көлденеңінен бекітіліп тасталған. Көбек Орынбор-Ташкент теміржолы түйісіп, Патша өкіметі өкілінің қатысуымен шпалға арнайы күміс шеге қағылған тарихи орын.
Бұл станса Сыр өңіріне белгілі, Көбек бидің есімімен аталып, батыр баба рухы ел жадында сақталып келеді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
30 мамыр 2020 ж. 1 668 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930