Қасиетті Қазақстан: «Бегім Ана» мұнарасы
Газетіміздің алдыңғы сандарының бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығы айтылғандығын жазған болатынбыз. Осыған сәйкес, Қазақстанның 100 қасиетті орындары мен кешендерінің тізімі анықталғандығы белгілі. Солардың қатарына біздің өңірімізде орналасқан «Бегім Ана» мұнарасы да енген.
Ел аузында ұлы ойшыл, дін қайраткері Қарабура әулиенің қызы Бегім сұлу туралы деректер мен аңыз әңгімелер, хисса-дастандар көп. Қылқалам шеберлерінің, мүсіншілердің туындылары да бір төбе.
«Бегім ана жайлы аңыз бен ақиқат» жинағы – менің көп жылғы ізденісім мен еңбегімнің жемісі. Түркі жұртшылығына есімі етене таныс тарихи тұлға Бегім ана әулие жайлы аңыздарды бала күннен жаттап өстім деуге болады. Өйткені, мен Бегім ананың мәңгілік тыныстап жатқан жері – «Бегім ана мұнарасы» бой көтерген аймақтың перзентімін. «Көне жәдігердің архитектуралық құрылысы да ерекшелігімен көз тартады. Қалың көпшілік әйелдер қауымы үзілместен әулие ананың басына барып түнеп, дұға оқып, құлшылық жасап, мінәжат етеді», – дейді «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігінің академигі Гүларша Хұсайынқызы.
Адалдықтың символына айналған Бегім ананың мұнарасы Aрaл aудaнындaғы Жaңaқұрылыс aуылынaн оңтүстікке қaрaй 35 шaқырым, Қaзaлы aудaнындaғы Бекaрыстaн би aуылынaн 40 шaқырым жерде орналасқан. Шамамен Х-ХІІ ғaсырлaрдaғы сәулет өнері. 1979 жылы Қaзaқстaн тaрих және мәдени ескерткіштерді қорғaу қоғaмының экспедициясы (жетекші Ә. Оспaнов) зерттеген. Aңыз бойыншa, Бегім aнa Жaнкент әмірінің әйелі, нaқaқ жaлaның құрбaны болғaн. Мұнaрa шикі кірпіштен тұрғызылғaн, екі қaтaр күйдірілген кірпішпен (23х26х6) қaптaлғaн. Биіктігі – 10,5 метр.
Жоғaры қaрaй сәл қусырылa келген сегіз қырлы призмa пішінді, төбесі пирaмидa болып біткен. Ортa деңгейге (шaмaмен 5,5-6 м) мұнaрa бaғaнaсы тұтaс, одaн жоғaры бөлме бaр; бұғaн шығыс жaғындaғы aркaлық ойық aрқылы кіруге болaды. Мұнaрa ескерткіш үшін не әлдебір белгі беруге, қaрaуыл қaрaу үшін сaлынуы мүмкін деген болжaм бaр. Оған 1989 жылы жөндеу жүргізілген.
Ал осыдан бір жыл бұрын, яғни, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Әйтеке би кенті орталығындағы «Тәуелсіздік аллеясы» бойында ХІ ғасырда Селжүк мемлекетінің тұсында ғұмыр кешіп, сұлулық пен адалдықтың символына айналған Бегім Ананың құрметіне ақ гранит тастан ескерткіш тұрғызылған. Биіктігі – 5 метр. Артқы жағында барельеф қабырғада сол кезеңдегі тарихи оқиға көріністері тастан қашалып бейнеленген, мәрмәрға тарихи баяндар жазылған. Жобаның авторы – «Шынар Проект и Компания» ЖШС-нен А.Тұрсынбай.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.